Саран қаласы, 3 ықшам ауданы, 18 үй мекенжайы бойынша орналасқан Саран қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеуді белгілеу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Саран қаласының әкімі Д. Бұлқайыр
Саран қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «__» ______
№ __________
қаулысына
1 қосымша
Саран қаласы, 3 ықшам ауданы, 18 үй мекенжайы бойынша орналасқан Саран қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдің пәтерін пайдаланғаны үшін төленетін ай сайынғы төлем мөлшері
Саран қаласы, 3 ықшам ауданы мекенжайындағы № 18 үйдің 75 пәтері, «Саран қаласы, 3 ықшам ауданы, 18 үй мекенжайы бойынша орналасқан үйді реконструкциялау» объектісі 2025 жылғы 17 шілдедегі пайдалануға беру актісі негізінде пайдалануға қабылданды.
Реконструкциядан өткен пәтерлердің толық құны – 699 664 070,23 теңге.
Жоғарыда аталған пәтерлердің жалпы ауданы – 3918,1 м².
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі (Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі).
А= Ц/Т/12
А – мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге);
Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
Т – ғимараттың қызмет көрсетуінің есептік мерзімі (жыл), ҚР ҚН 1.04-26-2011 «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу» құрылыс нормаларына сәйкес - 100 жыл.
201509 «Коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жалға беруден түсетін кірістер» коды бойынша Саран қаласы бюджетінің кірісіне аударылатын ақша қаражатының сомасы:
699 664 070,2 : 3918,1 = 178 572,2 теңге – 1 м2 құрылыс құны.
178 572,2 : 100 : 12= 1 шаршы метр үшін 148,8 теңгені құрайды.
Саран қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «__» _______
№ __________ қаулысына
2 қосымша
Саран қаласы мекенжайында орналасқан, Саран қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшері Саран қаласы, 3 шағын ауданы, 18 үй
|
№ п/п |
Мекен-жайы |
Айына бір шаршы метр үшін төлемақы мөлшері (теңге) |
|
1 |
Саран қаласы, 3 шығын ауданы, 18 үй, пәтерлер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75 |
148,8 |