«Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметтерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі туралы»
ақпарат
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – кәсіпорынның тұрақты және тиімді жұмыс істеуінің маңызды бағыттарының бірі. Кәсіпорын қызметінде заңдылықты, ашықтықты, адалдықты және жауапкершілікті қамтамасыз етуге ерекше мән беріледі.
Біздің басты мақсатымыз – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу, оның алдын алу және қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Осы бағытта кәсіпорын қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары түсіндіріледі. Қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін жеке пайдасына пайдалануға болмайтындығы, заңсыз сыйақы, сыйлық немесе басқа да материалдық пайда алуға жол берілмейтіндігі түсіндіріледі.
Сонымен қатар, кәсіпорын қызметінде мүдделер қақтығысын болдырмау мәселесіне де ерекше назар аударылады. Егер қызметкердің жеке мүддесі оның қызметтік міндеттерін орындауына әсер етуі мүмкін жағдай туындаса, бұл туралы белгіленген тәртіппен хабарлау қажет.
Кәсіпорынның сатып алу, тауарлар мен қызметтерді алу, мердігерлермен жұмыс жүргізу барысында заң талаптарының сақталуы маңызды. Бұл процестерде барлық тараптарға тең және әділ жағдай жасалуы, жеке мүдделерге жол берілмеуі тиіс.
Сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, еңбек міндеттерін бөлу және басқа да кадрлық мәселелер кезінде заңдылық пен әділдік қағидаттары сақталып келеді.
Коммуналдық кәсіпорын болғандықтан, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен ашықтығы да ерекше маңызға ие. Азаматтардың өтініштері мен шағымдары белгіленген тәртіппен қаралып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы қамтамасыз етілуде.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырудың маңызы зор. Осыған байланысты ұжымда түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар бойынша ақпарат беру және қызметкерлердің жауапкершілігін түсіндіру жұмыстары жалғастырылатын болады.
Өткізілген іс шаралар
Осы бағытта кәсіпорында 2026 жылғы қаңтар –шілде айлары аралығында жоспарға сәйкес бірқатар семинарлар өткізілді.
Сату бөлімінің қызметкерлер арасында техниктер мен тұтынушылар арасындағы сыбайлас жемқорлық тақырыбында семинар өткізілді.
16.02.2026 ж - №2 Су қойма қызметкерлерімен Адал еңбек жемқорлыққа қарсы жол тақырыбында семинар өткізілді,
18.03,2026 ж -№ 1 Қазандық ауысым жұмцысшыларымен коммуналдық мекемедегі сыбайласжемқорлықты анықтау тақырыбында өткізілді.
17.04.2026 ж -№2 Су қоймасы ауысым жұмысшыларымен Қызметтік этика және міңез құқық нормалары тақырыбында семинар өткізілді.
18.05.2026 ж-Басқарма бөлім қызметкерлерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында өткізілді,
19.06.2026 ж- Сату бөлім қызметкерлер арасында Цифрландыру жемқорлықты азайту тақырыбында семинар өткізілді.
15.07.206 ж- Басқарма бөлім қызметкерлерімен Адал қызмет халық сенімі тақырыбында семинар өткізілді.
Аталған іс-шаралар барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, заң талаптарын сақтау және қызметтік міндеттерін адал орындау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға өзінің үлесін қосуы керек. Кез келген заңсыз әрекетке немқұрайлы қарамай, белгіленген тәртіппен тиісті шара қолдану ортақ міндетіміз.
Біз кәсіпорында «заң және тәртіп», адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып жұмыс істеуіміз қажет.
Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және кәсіпорын қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек бір адамның немесе бір бөлімнің міндеті емес. Бұл – кәсіпорын басшылығы мен әрбір қызметкердің ортақ жауапкершілігі.
Әрқайсымыз өз қызметімізді адал атқарып, заң талаптарын сақтап, жеке жауапкершілігімізді сезінген жағдайда ғана сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, халықтың сенімін арттыра аламыз.
Баяндамамды аяқтай келе, «Сарышаған СуЖылу-2014» ЖШС ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтауды және осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратынын атап өткім келеді.