Бөлімнің ережесі

 

Көкшетау қаласы әкімдігінің

_________

№ ___ қаулысымен бекітілді

 

 

«Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

 мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес уәкілеттігі болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020000 Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі 21.
  9. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы - «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Кокшетау

  1. Осы Ереже «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
  3. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда түскен кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары, құқықтары және мақсаттары

 

  1. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) қала аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;

2) қала аумағында қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді, абаттандырудың, санитарлық жағдайдың және көгалдандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

  1. Функциялары:

1) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, қала аумағын санитарлық күтіп ұстау;

2) көше жарықтандыру желілерін күтіп ұстау және жарықтандыру, қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

3) қалалық автомобиль жолдарының тізбесін жасау;

4) қаланың автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде бақылауды жүзеге асыру;

5) қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастарда жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау;

6) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы тасымалдауды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекіту, сондай-ақ оларға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу және маршруттар бойынша қозғалыс кестесін бекіту;

жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу:

7)  жер жұмыстарына ордерлер беру;;

8) қала аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру;

9) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, сондай-ақ коммуналдық қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді әзірлеуге қатысу;

10) коммуналдық меншіктегі су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін және басқа да көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

11) мемлекеттік органдармен жұмылдыру дайындығы, қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар кезінде қала автокөлігі жұмысының сенімділігі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

12) қала аумақтарын абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру;

13) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;

14) зираттарды күтіп ұстау және туысы жоқ азаматтарды жерлеуді ұйымдастыру;

15) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;

16) зираттарды күтіп-ұстау және туысы жоқ азаматтарды жерлеуді ұйымдастыру;

17) Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру;

18) такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

19) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

20) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін әдістемеге сәйкес есептелген қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге халық үшін тарифтерді әзірлеуді және тиісті жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсынуды ұйымдастыру;

21) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

22) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін әдістемеге сәйкес есептелген қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге халық үшін тарифтерді әзірлеуді және тиісті жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсынуды ұйымдастыру;

23) бөлек жинауды қоса алғанда, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы халықты хабардар ету;

24)  «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ағаштарды кесуге рұқсат беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету, ағаштарды санитарлық кесуге рұқсат беру және жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі басқа да іс-шаралар;

25)  коммуналдық мүліктің - газбен жабдықтау және лифт шаруашылығы объектілерінің пайдаланылуын, сақталуын және күтіп-ұсталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

26) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын, қызметтік хат-хабарларды қарау;

27) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функцияларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардан, меншік нысанына қарамастан қалалық мекемелерден, кәсіпорындар мен ұйымдардан қажетті ақпараттарды сұрастыруға және алуға;

2) белгіленген тәртіп бойынша «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанынан мамандардан тұратын консультациялық, қоғамдық кеңестер, сараптамалық топтар құруға;

3) қала әкіміне, әкімдігіне және қалалық мәслихатқа өз құзыретіне қатысты сұрақтарды шешу жөнінде ұсыныстар беруге;

4) облыстық және республикалық деңгейлерде шешілетін сұрақтарға байланысты тиісінше ведомстволарға ұсыныстар енгізуге;

5) белгіленген тәртіп бойынша құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындар басшылары мен мамандарын тарта отырып, жиналыстар өткізуге;

6) мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша сотта талапкер, жауапкер және үшінші тұлға ретінде әрекет етуге міндетті;

7) тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережелерінің бұзылуын жою бойынша орындалуы міндетті нұсқама хаттар шығаруға;

8) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

9) өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығаруға құқылы.

 

 

3-тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Қала әкімі «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары мен сектор меңгерушілері болады.
  4. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі орынбасарының, сектор меңгерушілерінің, мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) заңнамаға сәйкес «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңда белгіленген тәртіппен «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылады, тәртіптік жазаны алып тастайды, көтермелейді;

4) «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің актілерін шығарады;

5) «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық және ағымдық жұмыс жоспарларын бекітеді;

6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан әрекет етеді;

«Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

«Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
22 ноября 2023