📢 МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ: ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ!
«Нұра ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мамандары Нұра кентінің тұрғындары арасында газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
⚠️ Не білуіңіз керек?
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (газ қоспасының жарылуы) алдын алу мақсатында, «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заң талаптарына сәйкес:
1️⃣ Меншік иесінің жауапкершілігі: Әрбір үй иесі өз үйіндегі газ жүйелері мен жабдықтарының тиісті техникалық күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
2️⃣ Міндетті келісімшарт: Тұрмыстық тұтынушылар газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша мамандандырылған ұйыммен міндетті түрде келісімшарт жасасуы тиіс.
3️⃣ Пайдалануға тыйым салынады: Техникалық қызмет көрсету шартынсыз газ жүйелерін пайдалануға ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.
⚖️ Жауапкершілік:
Қауіпсіздік талаптарын сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 306-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз.
✅ Газ жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуі — сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі!
📍 Нұра ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі
"Нұра ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ-сі "Нұра ауданының ТҮКШ, ЖК, АЖ бөлімі" ММ-мен, учаскелік полиция инспекторымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жалға берілетін пәтерлерді аралап шықты. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйде тұру ережелерін бұзушылықтарды анықтау болды.
Ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні «Нұра ауданының тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Талжанова көшесіндегі №52 үйінің тұрғындарымен кездесіп, үйлердің жер асты қоймаларын, су құбырларын, жылу жүйелерін, жалпы үйдің қысқа дайындығын, жөндейтін жерлерін ескеріп, жөндеу жұмыстары жайлы ақылдасып, газ баллондарымен тұрмыстық жағдайда пайдаланғанда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында абай болуларын сұрап, тұрғындарға мәселелердің шешілу жолдарын түсіндіре кетті.