Жетісу облысында ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, инфрақұрылымы дамып, ветеринариялық пункттер мен станциялар желісі кеңейіп келеді. Облыс құрылғаннан бері 66 ветеринариялық пункт пен ветеринариялық станция салынды. Ал биыл тағы 16 ветеринариялық пункт пен 4 ветеринариялық станцияның құрылысы жүргізілуде. Осылайша, жыл соңына дейін өңірдегі ветеринариялық пункттерге деген қажеттілік толық өтеледі, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, маңызды бағыттардың бірі – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру. Бүгінде өңірдің дерекқорында 2,8 млн-нан астам мал басы тіркелген. Сонымен қатар қазан айының басындағы жағдай бойынша төлдің 872 мыңнан астамы бірдейлендіріліп, дерекқорға енгізілді. Мал басын нақты есепке алу профилактикалық іс-шараларды жоспарлауға, олардың жүргізілуін бақылауға және аурулардың таралу қаупі туындаған жағдайда жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Ветеринариялық қызметтің тағы бір маңызды бағыты – вакцинациялау. Биыл аса қауіпті жұқпалы аурулардың 14 түрі бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізу жоспарланып, оған 11,8 мыңнан астам доза вакцина қарастырылған. Тоғыз айлық жоспардың орындалуы 90%-ды құрады. Осы жұмыс аясында мамандар вакцинациялау, диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізіп, ветеринариялық анықтамалар береді. Сонымен қатар халық арасында жануарларды вакцинациялау мен бірдейлендірудің, ветеринариялық талаптарды сақтаудың маңыздылығы түсіндіріледі.
Аталған жұмыстардың негізгілері - сала инфрақұрылымын дамыту және материалдық-техникалық базасын нығайту.
– Өңір басшысының қолдауының арқасында облыс құрылғаннан бері Жетісуда 66 ветеринариялық пункт пен ветеринариялық станция салынды. Биыл тағы 16 ветеринариялық пункт, 4 ветеринариялық станция және 10 мал қорымының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін облыстағы ветеринариялық пункттерге деген қажеттілік толық өтеледі. Сонымен қатар ветеринариялық ұйымдарға 83 бірлік арнайы автокөлік, 217 компьютер, 238 планшет және басқа да қажетті жабдықтар берілді. Жалпы, ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, мамандардың еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілді, – деді Жетісу облысының ветеринария басқармасының басшысы Нұрлан Жамаубаев.
Инфрақұрылымды дамытудың нақты нәтижесінің бір көрінісі Ескелді ауданында байқалады. Соңғы жылдары Қарабұлақ, Жалғызағаш, Төлеңгіт, Сырымбет ауылдарында жаңа ветеринариялық пункттер салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар аудандық ветеринариялық станцияға күрделі жөндеу жүргізілді. Бұдан бөлек, Жалғызағаш, Ақын Сара ауылдарында малды топтастыруға арналған қоршау (раскол) орнатылды. Жалпы облыс бойынша малды топтастыру, вакцинациялау және қараусыз малды уақытша ұстау мақсатында 16 қоршаудың құрылысы аяқталды.
Аудандық ветеринариялық станцияның директоры Фарнуш Намысбаевтың айтуынша, ветеринария – ауыл шаруашылығының маңызды бағыттарының бірі.
– Жануарлардың саулығын сақтау, сондай-ақ олардан алынатын шикізат пен өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл бағыттағы жұмыс аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ерекше маңызға ие. Біздің аудандық дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарларының 46 мыңға жуық басы тіркелген. Бекітілген жоспарға сәйкес вакцинациялау бойынша профилактикалық іс-шаралар, диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізіліп, жануарлар бірдейлендіріліп, ветеринариялық анықтамалар беріледі, – деді ол.
Жалпы қазіргі таңда Ескелді ауданының барлық ауылдық округі ветеринариялық пункттермен толық қамтамасыз етілген. Мамандарға жаңа автокөліктер беріліп, пункттер жиһазбен және қажетті құрал-жабдықтармен, сондай-ақ вакциналар мен биологиялық препараттарды сақтау және тасымалдауға арналған термоконтейнерлермен жабдықталған.
Бұл туралы мал шаруашылығымен айналысатын Төлеңгіт ауылының тұрғыны Бақыт Түкібаев пікірін білдірді. Ол жаңа ветеринариялық пункттің ашылуы ауыл өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі болғанын айтады.
– Соңғы уақытта ауылымызда бірқатар оң өзгерістер орын алып, жаңа ветеринариялық пункт салынды. Қазір тұрғындарға қызмет көрсетіп жүрген ветеринар дәрігерлердің жұмысына көңіліміз толады. Малдарға қажетті дәрі-дәрмектер уақытылы жеткізіліп, қажетті ветеринариялық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі. Көктемгі және күзгі кезеңдерде жануарларды түрлі ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстары да ұйымдастырылады, – дейді ауыл тұрғыны.
Ол инфрақұрылымның дамуы ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне оң әсерін тигізіп отырғанын тілге тиек етті.
– Ауылымызда жаңа нысандардың салынып, қажетті инфрақұрылым мен қызметтердің жолға қойылып жатқаны қуантады. Өйткені ауылдың дамуы мен абаттандырылуы – барлығымыз үшін де игілік. Бүгінде ауылдағы тіршілік өз ырғағымен жалғасып, мал шаруашылығы да біртіндеп дамып келеді. Әрине, мал басы өссе, шаруашылық дамыса бұл тұрғындардың әл-ауқатына да оң әсер ететіні сөзсіз, – дейді ауыл тұрғыны.
Өңірдегі ветеринариялық қызметті кадрмен қамтуға да ерекше көңіл бөлінген. Облыста мамандықтың мәртебесін арттыруға, тәжірибелі мамандарды сақтап қалуға және жас кадрларды тартуға бағытталған шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылуда.
Осылайша, облыс басшылығының тікелей қолдауының арқасында Жетісу облысының ветеринариялық қызметі жүйелі түрде дамып келеді. Мал басы бірдейлендіріліп, вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде, мамандардың еңбек жағдайы жақсаруда, заманауи ветеринариялық нысандар салынуда, автокөлік паркі жаңартылып, цифрлық технологиялар енгізілуде. Бұл ретте өңірдегі эпизоотиялық ахуал тұрақты және бақылауда.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Қанат Өмірәлинов
Жетісу облысының аудандық және қалалық ветеринариялық станцияларында, сондай-ақ Ветеринария басқармасының қоймасында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған құлақ сырғаларының жеткілікті қоры қалыптасқан.
Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша жалпы 1 296 148 дана құлақ сырғасы бар. Оның ішінде:
Қолда бар құлақ сырғаларының қоры 2026 жылға жоспарланған жануарларды бірдейлендіру жұмыстарын толық көлемде орындауға жеткілікті. Бұл ретте бірдейлендіру жоспарына ағымдағы жылы туған төлдер мен түсіп қалған сырғаларды қайта тағу жұмыстары да енгізілген.
Осылайша, Жетісу облысында 2026 жылға арналған жануарларды бірдейлендіру жұмыстарын үздіксіз жүргізуге қажетті құлақ сырғалары толық көлемде қамтамасыз етілген.
2026 жылы Жетісу облысының аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностикалау бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының 14 түрі бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу жоспарланған. Жалпы жоспарға сәйкес 11 842 446 бас ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралармен қамту көзделген.
Атап айтқанда, сібір жарасы, аусыл, шошқа обасы, қойдың күл ауруы, құтыру, пастереллез, жоғары патогенді құс тұмауы, ірі қара малдың түйінді дерматиті, қойлардың брадзоты, энтеротоксемия, ірі қара малдың қарасаны, етқоректілердің эхинококкозы, туберкулез және жылқының маңқасы аурулары бойынша профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жүргізілуде.
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жоспарланған ветеринариялық іс-шаралардың орындалу көрсеткіші 94%-ды құрады.
Профилактикалық іс-шаралардың жылдық жоспарын толық орындау мақсатында қажетті көлемде вакцина қоры қалыптастырылған. Бүгінгі таңда жоспарланған іс-шараларды жүргізуге қажетті 11 234 053 доза вакцина жеткізіліп, ветеринариялық-профилактикалық жұмыстармен қамту көрсеткіші 95%-ды құрап отыр.
Жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралардың негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстар арасында аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау және халықтың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда Жетісу облысының аумағындағы эпизоотиялық ахуал тұрақты және ветеринариялық қызметтердің тұрақты бақылауында.
Алда үлкен басқосу — Құрылтай. Бұл — елдің болашағы, қоғамның өзекті мәселелері және ортақ мақсаттар туралы ой тоғысатын маңызды алаң.
Құрылтайдан елдің көкейіндегі мәселелерге нақты ұсыныстар мен оң өзгерістер күтеміз.
Бірлік бар жерде — береке, ортақ мақсат бар жерде — нәтиже бар.
Ел болашағы — бәрімізге ортақ.
Құрылтай — ортақ ойдың, ортақ мүдденің алаңы.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапары барысында Жетісу облысындағы агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың орындалу барысымен танысты. Сондай-ақ егін орағы науқанының қарқынына айрықша көңіл бөліп, өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті.
Жұмыс сапары барысында су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы суармалы егіншілікті дамыту мәселесіне баса аударылды.
Министр «АгроХолдинг Жетісу» серіктестігіне барып, 1,4 мың гектар алқапта заманауи суару жүйесін құру жобасымен танысты. Жоба Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында қаржыландырылған.
Биыл шаруашылықта 1 454 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде жоңышқа, арпа, жүгері және күнбағыс бар.
«Бүгінде су үнемдеу технологияларын енгізу – өнімділікті арттырудың ғана емес, ауыл шаруашылығының орнықты дамуының басты тетігі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл бағыттағы қолдау шаралары одан әрі кеңейтіледі. Сонымен қатар бөлінген әрбір теңге өндіріс тиімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің табысын көбейтуге қызмет етуі тиіс», – деді Айдарбек Сапаров.
Министр тәулігіне 300 тоннаға дейін шикізат өңдейтін «Уыз Май Индастри» серіктестігінің май экстракциялау зауытына да барды. Кәсіпорын соя майы мен шрот өндіреді. Өнім ішкі нарыққа шығарылып, Тәжікстанға, Қырғызстанға және Ауғанстанға экспортталады.
«Хильниченко и К» командиттік серіктестігінің егіс алқабында министр күздік бидай орағы жұмысымен және 2,1 мың гектардан астам суармалы жерді игеріп отырған шаруашылықтың материалдық-техникалық базасын аралап көрді. Күздік бидайдың орташа өнімділігі гектарына 24,4 центнерді құрайды.
Іс сапар барысында қант қызылшасы шаруашылығын дамыту мәселесіне де назардан тыс қалмады. Жетісу облысы – еліміздегі қант қызылшасын өндіретін жетекші өңірлердің бірі. Биыл өңірде бұл дақыл 13,5 мың гектар алқапқа орналастырылды.
Айдарбек Сапаров су үнемдеу технологиясы арқылы қант қызылшасын өсіретін «Нам» шаруа қожалығында болды. Шаруашылықтың 850 гектар суармалы жерінің 238 гектарына қант қызылшасы егілген.
Ал фермерлермен кездесу барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жеңілдетілген қаржыландыру тетіктерін кеңейту, егіс алқаптарын әртараптандыру, мал шаруашылығын дамыту және басқа да бағыттар қаралды.
«Министрлік аграршылармен тұрақты диалог негізінде жұмысты жалғастыра береді. Сіздердің ұсыныс-пікірлеріңіз мемлекеттік қолдау шараларын уақытылы жетілдіруге және саланы одан әрі дамытуға бағытталған шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өңірде мал шаруашылығын, әсіресе сүтті мал шаруашылығын дамыту жұмыстарын күшейту қажет», – деп атап өтті Айдарбек Сапаров.
Жұмыс сапары аясында министр Талдықорған қаласының Еркін ауылдық округіндегі ветеринариялық бекеттің қызметімен де танысты.
Жетісу облысында 2026–2030 жылдарға арналған ветеринариялық қызметті дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында ветеринариялық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Облыс құрылғаннан бері 66 жаңа ветеринариялық бекет пен бір ветеринариялық станса пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 16 ветеринариялық бекет пен төрт ветеринариялық стансаны іске қосу жоспарланған. Бұл өңірді ветеринариялық инфрақұрылым нысандарымен толық қамтамасыз ете алады.
Өңірдің ветеринариялық қызметінің материалдық-техникалық базасы да кезең-кезеңімен нығайтылып келеді. Соңғы төрт жылда ветеринариялық ұйымдарға 83 автокөлік, 100 фармацевтикалық тоңазытқыш, 102 термочемодан және өзге де арнайы жабдықтар берілді.
Қабылданып жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде өңірдегі эпизоотиялық ахуал тұрақты қалыпта. Жыл басынан бері облыста 6,1 млн бас ауыл шаруашылығы жануарына вакцина салынды.
Сонымен қатар жоспарлы диагностикалық зерттеулер толық көлемде және белгіленген мерзімде жүргізілуде.
Дереккөз: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет ресурсы
Фотограф: Дмитрий Ерофеев
Жетісу облысында Ветеринария қызметкерлері күніне орай қызметтік арнайы көліктердің кілттерін табыстау рәсімі өтті. Жалпы, облыс құрылғаннан бері өңірдегі ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде ветеринариялық мекемелерге берілген автокөліктер саны 83 бірлікке жетіп, бұл олардың жұмыс тиімділігін айтарлықтай арттырды. Сонымен қатар аталған кезеңде 66 жаңа ветеринариялық пункт пен 1 ветеринариялық станция пайдалануға берілді. Ал биыл тағы 16 ветеринариялық пункт пен 4 ветеринариялық станцияны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл өңірдің аталған нысандарға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Талдықорған қаласында өткен салтанатты шараға ветеринариялық станциялардың қызметкерлері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары және кәсіподақ өкілдері қатысты. Жиынға қатысушыларды салалық басқарма басшысы Нұрлан Жамаубаев құттықтады.
Мерекелік шара барысында сала үздіктері марапатталды. Бірқатар ветеринария саласының қызметкерлеріне облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Саналы ғұмырын ветеринария саласына арнаған ардагерлердің еңбегіне орай «Ветеринарияның құрметті ардагері» медальдары берілді. Сондай-ақ Ақсу, Алакөл, Қаратал, Кербұлақ, Панфилов аудандарының ветеринариялық станцияларына жаңа «Нива» автокөліктерінің кілттері табысталды.
Марапатталғандардың бірі Алакөл ауданы ветеринариялық станциясының директоры Саят Жұмабеков пікір білдірді.
– Ветеринария саласында 1995 жылдан бері еңбек етіп келемін. Мектеп қабырғасынан бастап осы мамандықты саналы түрде таңдадым. Семей қаласында ветеринар мамандығы бойынша білім алып, осы салада түрлі жауапты қызметтер атқардым. Ұлымдарымың біреуі Алматыдағы жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін ветеринар мамандығын таңдап, менің жолымды жалғастырып келеді. Салаға жастар келіп жатыр, оларға қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар ауылдық жерлердегі ветеринар мамандарының тұрмыс жағдайы да жақсарып келеді. Біздің қиын да жауапты еңбегімізге осындай ерекше көңіл бөлгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін, – деді ол.
Сонымен қатар облыс құрылғаннан бері өңірдегі ветеринариялық қызметтердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 100 фармацевтикалық тоңазытқыш, 102 термочемодан, сондай-ақ электр генераторлары мен басқа да қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ сала мамандарына 217 компьютер жиынтығы, 238 планшет берілді. Бұл олардың жұмысын жеделдетіп, сонымен қатар қажетті ақпараттарды электрондық деректер базасына уақытылы енгізу жұмысын жеңілдетті.
Еске салсақ, жыл басынан бері өңірде аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары аясында ауыл шаруашылығы жануарларына 6,1 млн доза вакцинация егілді.
Жалпы, биыл өңірде 10 мал қорымын (биотермиялық шұңқыр) салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 2 мал сою алаңы қоршалады. Сондай-ақ облыстың сегіз ауданының әрқайсысында жануарларды бекіту және тексеруге арналған екі алаңнан салынады. Бұл кешендер ірі және ұсақ малды, сондай-ақ жылқыны вакцинациялау, биркалау, ветеринариялық тексеру және басқа да профилактикалық іс-шараларды атқарудың қауіпсіз болуына арналған.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Дмитрий Ерофеев
Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде 66 жаңа ветеринариялық пункт пен 1 ветеринариялық станция пайдалануға берілді. Ал биыл тағы 16 ветеринариялық пункт пен 4 ветеринариялық станцияны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл өңірдің ветеринариялық пункттерге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
– Биыл Ақсу, Алакөл, Ескелді, Көксу, Қаратал, Кербұлақ, Сарқан және Панфилов аудандарында мал ұстайтын қоршауларымен бірге 16 ветеринариялық пункт және 4 ветеринариялық станция орнатылады. Осылайша өңірдің ветеринариялық пункттерге деген қажеттілігі толық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ облыс құрылғаннан бері ветеринариялық мекемелерге 83 жаңа автокөлік берілді, бұл ветеринариялық қызметтердің мобильділігі мен жұмыс тиімділігін едәуір арттырды, – деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Дархан Әбілбаев.
Сонымен қатар өңірдің ветеринариялық қызметтерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында аталған кезеңде 100 фармацевтикалық тоңазытқыш, 102 термочемодан, сондай-ақ электр генераторлары мен басқа да қажетті жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ сала мамандары 217 компьютер жиынтығымен және 238 планшетпен қамтамасыз етілді, бұл олардың электрондық деректер базасына жедел ақпарат енгізу жұмысын жеделдетіп, жеңілдетті. Айта кетсек, бүгінгі таңда облыста 2,8 миллионнан астам ауыл шаруашылығы жануары сәйкестендіріліп, бірыңғай ақпараттық базаға енгізілген. Бұл - қазіргі уақыттағы мал басының жалпы саны.
Материалдық-техникалық базаны және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартумен қатар өңірде кадрлық әлеуетті нығайту бағытында да шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, қазіргі таңда өңірдің ветеринария саласында шамамен 1050 адам жұмыс істейді, оның 820-сы – ветеринариялық мамандар. Сонымен қатар сала мамандарының жалақысы екі есеге жуық өсті.
Соның нәтижесінде Балпық би ауылындағы ветеринариялық пункт өз қызметін табысты жүзеге асыруда. Бұл ретте Көксу ауданының барлық 10 ауылдық округі заманауи ветеринариялық пункттермен қамтылған.
– Жыл басынан бері бірінші жартыжылдыққа жоспарланған диагностика және вакцинация жұмыстары толық орындалды. Қазіргі уақытта жоспарға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын пастереллезге қарсы вакцинациялау жүргізілуде. Атап айтқанда, маусым айының басынан бері біздің ауылда 520 бас ірі қара малға вакцина салынды, – деді Балпық би ауылындағы ветеринариялық пункттің меңгерушісі Ерік Маймақов.
Айта кету керек, облыс бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен қатар Көксу ауданында да өндірістік ветеринариялық инфрақұрылымның жағдайы жақсаруда. Мәселен, Мұсабек ауылында жануарларды бекіту және қарауға арналған заманауи алаңның құрылысы жалғасуда. Бұл кешен вакцинациялау, сырғалау, ветеринариялық тексерулер және басқа да профилактикалық іс-шаралар кезінде ірі қара, ұсақ мал және жылқыларды қауіпсіз оқшаулауға арналған. Құрылысты келесі айда аяқтау жоспарланып отыр. Осындай алаңдар облыстың сегіз ауданының әрқайсысында екіден салынады.
Сонымен қатар биыл өңірде Алакөл, Ескелді, Көксу, Сарқан және Панфилов аудандарында 10 мал қорымы салынады. Сондай-ақ Сарқан және Панфилов аудандарындағы 2 сою алаңы қоршалады.
Өңірдің ветеринария саласында жасалып жатқан жағдайларға жергілікті тұрғындар да дән риза, өйткені ветеринариялық қызметтердің жұмысының сапасына сүт пен еттің сапасы, яғни тұрғындардың денсаулығы тікелей байланысты.
Теректі ауылындағы жеке қосалқы шаруашылықтың иесі Орымжан Ассейннің айтуынша, уақтылы жүргізілетін вакцинация елеулі шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.
– Менің шаруашылығымда 25 бас ірі қара мал бар. Ветеринариялық мамандар пастереллезге қарсы вакцинацияны уақытылы жүргізді. Біздің ветеринарлар екпе жүргізілетіні туралы алдын ала хабарлап, кестені қатаң сақтайды және өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Соның арқасында малдың денсаулығына алаңдамаймыз, – деді ол.
Жалпы, 2026 жылы өңірде профилактикалық іс-шаралар аса қауіпті 14 ауруға қарсы жүргізілуде. Күйдіргіге, аусылға, пастереллезге және басқа да инфекцияларға қарсы вакцинациялау жалғасуда, сондай-ақ бруцеллезге диагностикалық зерттеулер жүргізілуде. Жыл басынан бері өңірде ауыл шаруашылығы жануарына шамамен 6,1 миллион доза вакцина салынды.
Ветеринариялық қызметтің кешенді жұмысы облыстағы эпизоотиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға, өңірдің ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мал шаруашылығын одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы, 2026–2030 жылдарға арналған Кешенді жоспарға сәйкес, Жетісу облысында 2030 жылға қарай ауыл шаруашылығы жануарларының санын 3,2 миллион басқа дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фототілші: Қанат Өміралинов
Өз ісіне адалдық танытып, кәсіби біліктілігімен ерекшеленетін мамандардың еңбегін бағалау – әрдайым маңызды.
«Жетісу облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрлан Қайдарұлы Жамаубаевтың жетекшілігімен ветеринария саласында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Осы бағыттағы жауапты міндеттерді абыроймен орындап жүрген мамандардың бірі – Ветеринариялық шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Сәрсенбаев Сәрсен Маратұлы.
Сәрсен Маратұлы 2020 жылғы 20 қазаннан бастап ветеринария басқарма саласында еңбек етіп келеді. Қызмет барысында жоғары жауапкершілігімен, кәсіби білім-білігімен және іскерлік қасиеттерімен ерекшеленіп, өзіне жүктелген міндеттерді сапалы орындауда. Әріптестері арасында сыйлы, ұжымның беделді қызметкерлерінің бірі ретінде танылған.
Ветеринария саласы – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, жануарлар ауруларының алдын алуда және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын сақтауда маңызды рөл атқарады. Осындай жауапты салада еңбек етіп жүрген Сәрсен Маратұлы өңірдегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыруға және олардың тиімді жүзеге асырылуына өз үлесін қосып келеді.
Көп жылғы жемісті еңбегі мен қызметіне деген адалдығы үшін Сәрсенбаев Сәрсен Маратұлына алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да кәсіби табыс, зор денсаулық, отбасылық амандық және жаңа жетістіктер тілейміз.
2026 жылғы 23 маусымда Ветеринария басқармасында мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыру, сондай-ақ халықпен кері байланысты нығайту мақсатында «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға басқарманың негізгі қызмет бағыттары, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және қолданыстағы заңнама талаптары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Келушілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан түсіндірмелер мен кеңестер алды.
Мемлекеттік қызметшілер халыққа сапалы қызмет көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, ашықтық, заңдылық, кәсібилік және қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізетіндіктерін жеткізді. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын уақтылы қарау, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Аталған акция мемлекеттік орган мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеруге өз үлесін қосты.