Жетісу облысының ветеринария басқармасында қызмет алушыларға ыңғайлы болу және халық тарапынан шағымдарға жол бермеу үшін «egov.kz» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Аталған бұрышты техникалық жабдықтау мақсатында компьютер, веб-камера, картридер, сканер және принтермен қамтамасыз етілген.
Бұл дегеніміз, электрондық веб – портал арқылы алынатын қызметтерді алуды қамтамасыз ету.
Қарапайым халыққа да қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді санаулы минуттарда сапалы алуға қол жеткізуге үйрету де мұнда басты назарда.
Еліміздегі коронавирус пандемиясына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында барлық санитарлық нормалардың сақталуы қамтамасыз етілген. Сондай-ақ өздігінен қызмет алушыларға бетперде тағып, арақашықтықты сақтау қажеттігін еске салады.
Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышының мекен — жайы төмендегі кестеде көрсетілген.
|
Мекеменің атауы |
Мекен жайы |
Жұмыс кестесі |
|
Ветеринария басқармасы |
Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 26, 2 қабат, 206 кабинет |
Дүйсенбі-жұма 9-00-дан 18-30-ға дейін (үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін) |