«Жетісу облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» ММ-і 2025 жылғы IIІ тоқсанның қорытындысы бойынша атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ

 

«Жетісу облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» ММ-і 2025 жылғы IIІ тоқсанның қорытындысы бойынша

атқарған жұмысы туралы

АҚПАРАТ

 

Жетісу облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 4 019 км (республикалық маңызы бар 1 034 км, жергілікті маңызы бар 2 985 км) құрайды.

2025 жылы облыста автомобиль жолдарын салуға және жөндеуге 170,5 км-ге 27,9 млрд. теңге бөлінді (ҰҚ-7,3 млрд.теңге; ЖБ-16,8 млрд. теңге).

Анықтама үшін:

* 17 км құрылыс пен реконструкциялауға - 9,8 млрд. теңге;

* 5 көпірді қайта жаңартуға - 5,2 млрд. теңге;

* 1 көпірді күрделі жөндеуге - 0,2 млрд. теңге;

* орташа жөндеуге 151 км - 8,9 млрд. теңге;

* ағымдағы жөндеуге, ұстауға - 3,1 млрд.теңге .

Өткен есепті кезең ішінде облысаралық және ауданаралық тұрақты бағыттарды қызмет көрсетумен қамтамасыз ету құқығына 3 конкурс жарияланып, оның аясында 3 лот бойынша 3 бағыт қамтылды.

2025 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша www.elicense.kz порталы және ХҚКО арқылы 35 өтініш келіп түсті, олардың ішінде: «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жол жиегінде орналастырылған стационарлық жарнама объектілерінде сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» – 0, «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру» – 28, «Ауданаралық (қалалар арасындағы облысішілік), ішкіаудандық, қалалық (ауылдық), қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастарда жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдауға байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» – 0, «Қалааралық, облысаралық, халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ халықаралық қатынастарда тұрақты тасымалдау қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» – 7.

35 мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің ішінде 30-ы қанағаттандырылып, 5-іне бас тартылды.

Есепті кезең ішінде басқарма тарапынан көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2025 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 195 өтініш түсті, оның ішінде: өтініштер – 157, шағымдар – 9, ұсыныстар – 10, басқалары (хабарлама, сұрау, пікір) – 19.

195 өтініштің ішінде 65-і басқа мемлекеттік органдарға қарау үшін жолданды, 25-і ішінара басқа мемлекеттік органдарға жолданды, 99-ы басқармада қаралды, 6-уы қарау сатысында.

Барлық өтініштер заңнамада көзделген тәртіппен және мерзімдерде қаралды.

 

Басқарма басшысының

орынбасары                                                                      А. Досжанов

Дата публикации
08 октября 2025