«Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Облыстың жергілікті атқарушы органдары деңгейінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтерді Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26 мекенжайы бойынша орналасқан «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Басқарма 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру», «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау», «Жалпы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсеткені үшін лицензияның телнұсқасын бергені үшін мынадай мөлшерде лицензиялық алым алынады: алымды төлеу күніне қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткіш (3 АЕК), қайта ресімдеу-0,3 АЕК.
«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметі бойынша дәлелді бас тарту болмайды, себебі Басқармаға қызмет емтихан тапсырғаннан кейін төмендейді және әрдайым оң көрсетіледі.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес мәліметтердің толық көлемін қамтитын мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат басқарма ғимаратына еркін қол жеткізуге орналастырылған, сондай-ақ сайттар мен стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері стандарттарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері орналастырылған.
Есепті кезеңде мерзімдерді бұзу фактілері және мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ. Сондай-ақ, қызмет алушылардың бұзылған құқықтары анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына не «электрондық үкімет» веб-порталына жүгіну арқылы көрсетіледі.
2024 жылға көрсетілді:
Өткен кезеңде басқарма 4 мемлекеттік қызметтен 2 Мемлекеттік қызмет көрсетті:
- «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беру»;
- «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысаралық қалааралық) халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, сондай - ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау».
2024 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет мынадай бірыңғай қағидалар бойынша көрсетілді:
|
№ |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (стандарт бекітілген НҚА күні мен нөмірі) |
|
1 |
«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру»
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығы |
|
2 |
«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысаралық қалааралық) халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, сондай - ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау» |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығы |
- Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнаманы стационарлық орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру-0;
- Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беру, қанағаттандырылды-25;