26.09.2024ж.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты
тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған
конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
- «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2024 жылғы 28 қазан сағат 15.00-де Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 102 кабинет мекенжайы бойынша
жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау
маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу
туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршрут шығарылады:
ЛОТ № 4
«Талдықорған қ. (Жетісу облысы) – Өскемен қ. (Шығыс-Қазақстан облысы) маусымдық»
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген
жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 105 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2024 жылғы 11 қазан сағат 18.30.
- 2024 жылғы 1 қазан сағат 15.00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефондар: 8/7282/60-11-79.
Басқармабасшысының орынбасары А. Досжанов