- «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2024 жылғы 10 маусым сағат 15.00-де Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 105 кабинет мекенжайы бойынша
жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау
маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу
туралы хабарлайды.
2. Конкурсқа мынадай маршрут шығарылады:
ЛОТ № 1
«Талдықорған қ. (Жетісу облысы) – Алматы қ. «Саяхат» автовокзалы».
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген
жеке және заңды тұлғалар қатысады.
4. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 109 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
5. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2024 жылғы 27 мамыр сағат 18.30.
6. 2024 жылғы 14 мамыр сағат 15.00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
7. Анықтама алу үшiн телефондар: 8/7282/60-11-79.