По некоторым вопросам государственных услуг, оказываемых Управлением пассажирского транспорта и автомобильных дорог Жетысуской области ПРОТОКОЛ СОБРАНИЯ

Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында көрсетілетін мемлекеттік қазметтердің кейбір мәселелері бойынша

ЖИНАЛЫС ХАТТАМАСЫ

 

Талдықорған қаласы                                                                                      2024 жылғы 1 ақпан

                                                                                                                      сағат 12.00-де

 

 

Төрағалық  етуші:            Ғ.Т. Дәрібаев – Жетісу облысының жолаушылар көлігі және            автомобиль жолдары басқармасының басшысы;

 

Хатшы:                                 Л. Е. Қарсыбаева – Жетісу облысының жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары басқармасының

бас маманы;

 

Қатысқандар:                    Басқарма қызметкерлері (Тізім бойынша)

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру  және

мерзімдерін сақтау туралы

 

1.1. Басқармада 2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізілсін;

            1.2. Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімдері сақталынсын;

            1.3. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігі қамтамасыз етілсін;

            1.4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар бұқаралық ақпарат құралдары, және басқарманың ресми сайты арқылы жарияланып отырсын;

1.5. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігі уақытында арттырылсын;

1.6. Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету  мақсатында әлеуметтік желілерде белсенділік арттырылсын;

1.7. Үстіміздегі жылдың 19-22 қаңтар аралығында басқармада жүргізілген мемлекеттік қызметтердің сапасы мен мерзімдерінің сақталуына бақылау                           іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді бұдан әрі болдырмауды қамтамасыз етілсін;

1.8. Ұжымда   және халықтың арасында өзін  ұстау  іс-әрекеті мен мінез-құлқына  және   қарапайымдық  стиль үлгісінде  киіну  бейнесіне ерекше көңіл бөлінсін; 

1.9. Мемлекеттік қызметшілердің  адамгершілігіне, ұстамдылығына және моральдық әдептілік бейнесіне қойылған талаптар сақталынсын.

 

 

Басқарма басшысы                                                                          Ғ. Дәрібаев

Хатшы                                                                                                   Л. Қарсыбаева

 

 

 

 

 

 

По некоторым вопросам государственных услуг, оказываемых Управлением пассажирского транспорта и автомобильных дорог Жетысуской области ПРОТОКОЛ СОБРАНИЯ
Дата публикации
05 февраля 2024