Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында көрсетілетін мемлекеттік қазметтердің кейбір мәселелері бойынша
ЖИНАЛЫС ХАТТАМАСЫ
Талдықорған қаласы 2024 жылғы 1 ақпан
сағат 12.00-де
Төрағалық етуші: Ғ.Т. Дәрібаев – Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы;
Хатшы: Л. Е. Қарсыбаева – Жетісу облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары басқармасының
бас маманы;
Қатысқандар: Басқарма қызметкерлері (Тізім бойынша)
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және
мерзімдерін сақтау туралы
1.1. Басқармада 2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізілсін;
1.2. Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімдері сақталынсын;
1.3. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігі қамтамасыз етілсін;
1.4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар бұқаралық ақпарат құралдары, және басқарманың ресми сайты арқылы жарияланып отырсын;
1.5. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігі уақытында арттырылсын;
1.6. Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желілерде белсенділік арттырылсын;
1.7. Үстіміздегі жылдың 19-22 қаңтар аралығында басқармада жүргізілген мемлекеттік қызметтердің сапасы мен мерзімдерінің сақталуына бақылау іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді бұдан әрі болдырмауды қамтамасыз етілсін;
1.8. Ұжымда және халықтың арасында өзін ұстау іс-әрекеті мен мінез-құлқына және қарапайымдық стиль үлгісінде киіну бейнесіне ерекше көңіл бөлінсін;
1.9. Мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, ұстамдылығына және моральдық әдептілік бейнесіне қойылған талаптар сақталынсын.
Басқарма басшысы Ғ. Дәрібаев
Хатшы Л. Қарсыбаева