«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметті КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ

     

       Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін www.egov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның (бұдан әрі - лицензияны алу үшін ЗТ өтініші) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның (бұдан әрі - лицензияны алу үшін ЖТ өтініші) және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның (бұдан әрі - лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші) немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның (бұдан әрі - лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтініші) және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» (бұдан әрі - Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар жиынтығы.

      Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.

     Жеке басын куәландыратын құжаттар және автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификаттар мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

     Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың тіркеуін олар келіп түскен күні жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру бойынша өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

     Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензияны алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін 3 (үш) жұмыс күнін, лицензияның телнұсқалары үшін 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

     Көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес өтініш және құжаттар топтамасы келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің орындаушысы осы өтінішті және құжаттар топтамасын қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқаратын адамға жібереді, ол көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын басшының жетекшілік ететін орынбасары және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы арқылы айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, рұқсат беру органы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

    . Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы құжаттар топтамасының осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 72 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10800 болып тіркелген) бекітілген осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - Біліктілік талаптары) мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін қарайды.

      Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге, осы Қағидалардың талаптарына және Біліктілік талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасын сәйкес келтірген кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны ресімдейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқаратын адамға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

       Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      Стандарттың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны не Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқаратын адамға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

 

 

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414,                         8 800 080 7777 телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

ПОРЯДОК ОКАЗАНИЯ государственной услуги «Выдача лицензии на право занятия деятельностью по нерегулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в междугородном межобластном, межрайонном (междугородном внутриобластном) и международном сообщениях, а также регулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в международном сообщении»
Дата публикации
02 февраля 2024