Тасымалдаушы есептік айдан кейінгі әр айдың 15 күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы айлық ақпаратты (бұдан әрі – ай сайынғы есеп) жібереді.
Осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автокөлік құралдардың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (километр) сүйене отырып айқындалған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде тасымалдаушы есептік айдан кейінгі әр айдың 10-шы күніне дейінгі мерзімде уәкілетті ұйымға ай сайынғы есеп жібереді, кейін уәкілетті ұйым есептік айдан кейінгі әр айдың 15-ші күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыс туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға айлық ақпаратты ұсынады. Уәкілетті ұйым болмаған жағдайда тасымалдаушы әр айдың 15-күніне дейін жергілікті атқарушы органға ай сайын ақпарат жібереді.
«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тасымалдаушы (жеке немесе заңды тұлға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауға арналған өтінішті (бұдан әрі –өтініш) және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметті көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Тізбеде жазылған.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Төтенше жағдай және (немесе) карантиндік шектеулер енгізуге байланысты әлеуметтік маңызы бар хабарламалар бойынша тасымалдауды мәжбүрлеп тоқтата тұру кезеңінде ағымдағы қаржы жылындағы ең төменгі жалақысына сәйкес тасымалдаушының жүргізушілерге және (немесе) кондукторларға еңбекақы төлеуге және әлеуметтік аударымдарға шығыстары субсидиялауға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізушілердің және (немесе) кондукторлардың жалақы мен әлеуметтік аударымдары бойынша тасымалдаушының өтінішін және төлеуге жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты жолдайды.
Әлеуметтік маңызы бар субсидияланатын қатынастар бойынша жергілікті бюджеттен субсидияларды төлеуді жергілікті атқарушы орган тасымалдаушыға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес субсидия тағайындау туралы хабарлама жіберілген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей Шарттың негізінде ай сайын жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушыдан Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес өтініш және құжаттар топтамасы түскен кезде, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе орындаушысы осы өтінішті және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе жетекшілік ететін басшының орынбасары және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы арқылы қарау үшін жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық ұсынбау және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті бұдан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы құжаттар топтамасының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Ұсынылған құжаттар топтамасы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындау туралы хабарламаны ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісуі бойынша жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындау туралы хабарламаны не Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Жылдың соңғы күнтізбелік айы үшін бюджеттік субсидияларды төлеу кейіннен келесі жылдың 25 қаңтар мерзімінен кешіктірмей нақты деректер бойынша жасалған есепті ұсына отырып, 20 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған, болжамды деректер бойынша жасалған субсидияланатын қатынастар бойынша есеп негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Жергілікті атқарушы орган Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді».
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.