Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы  2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

Облыстың жергілікті атқарушы органдары деңгейінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтерді Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26 мекенжайы бойынша орналасқан «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне  сәйкес Басқарма 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;
  2. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу».
  3. «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру».
  4. «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау».

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру», «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау», «Жалпы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсеткені үшін лицензияның телнұсқасын бергені үшін мынадай мөлшерде лицензиялық алым алынады: алымды төлеу күніне қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткіш (3 АЕК), қайта ресімдеу-0,3 АЕК.

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметі бойынша дәлелді бас тарту болмайды, себебі Басқармаға қызмет емтихан тапсырғаннан кейін төмендейді және әрдайым оң көрсетіледі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес мәліметтердің толық көлемін қамтитын мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат басқарма ғимаратына еркін қол жеткізуге орналастырылған, сондай-ақ сайттар мен стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері стандарттарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері орналастырылған.

Есепті кезеңде мерзімдерді бұзу фактілері және мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ. Сондай-ақ, қызмет алушылардың бұзылған құқықтары анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына не «электрондық үкімет» веб-порталына жүгіну арқылы көрсетіледі.

2021 жылға көрсетілді:

 

Басқармада 2  мемлекеттік қызмет көрсетілді:

 

0 - «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру»;

1 - қызмет портал арқылы «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру».

1- қызмет портал арқылы «Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру».

0 - «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау».

Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Дата публикации
01 февраля 2024