Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

  1. «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2024  жылғы 29 ақпан сағат 15.00-де Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 102 кабинет  мекенжайы бойынша
    жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау
    маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу
    туралы хабарлайды.
          2. Конкурсқа мынадай маршрут шығарылады:

ЛОТ № 4

«Талдықорған қ. (Жетісу облысы) – Өскемен қ. (Шығыс-Қазақстан облысы) маусымдық»

  1.  Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
    немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген
    жеке және заңды тұлғалар қатысады.
          4. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 105 кабинет  мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
          5. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2024 жылғы 15 ақпан сағат 18.30.
          6. 2024 жылғы 31 қаңтар сағат 15.00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
          7. Анықтама алу үшiн телефондар: 8/7282/32-96-64.

 

Дата публикации
31 января 2024