Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 17-2-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 37 «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Жетісу облысының мәслихаты ШЕШТІ:
|
Жетісу облысы мәслихатының төрайымы |
|
Г. Тойлыбаева |
2023 жылғы «__»________
№ ____
мәслихаттың
шешіміне қосымша
Жетісу облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) жарнама – кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін ақпарат;
2) жарнама таратушы – мүлiктi беру және (немесе) пайдалану, оның iшiнде телерадио хабарларын таратудың тexникалық құралдары арқылы және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) маңдайша – ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың нақты тұрған және тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын, дараландыру құралдарын қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың атауы және қызметінің түрі туралы ақпарат;
4) сыртқы (көрнекі) жарнама – сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен көруге қолжетімді жарнама;
5) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі – жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын құрылысжайлар, әртүрлі көлемдегі немесе жалпақ конструкциялар, оның ішінде экрандар мен электронды таблолар, жарықты конструкциялар және өзге де құралдар;
6) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
7) көше жиһазы (жабдығы) – елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орнатылатын декоративтік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (гүл құмыралары, павильондар, отырғыштар, орындықтар, жәшіктер, қоғамдық көлік аялдамалары, ақпараттық панель, балалар ойындарына және ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар).
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі
1) маңдайша;
2) жұмыс режимі туралы ақпарат;
3) арнайы бөлінген орындарда орналастырылатын мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишалары;
4) қызмет көрсетудің техникалық құралдарын және көлік құралдарын дараландыру;
5) автожанармай құю станцияларына кірген жерде орналастырылатын мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы ақпарат;
6) мәдени құндылықтар туралы және (немесе) тарихи-мәдени мұра объектілері туралы, оның ішінде тарих пен мәдениет ескерткiштерi туралы ақпарат (мәліметтер);
7) айырбастау пункттерінің жанында орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын теңгемен сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат;
8) сырттан көру үшін сөрелер мен терезелерді мынадай:
үй-жайлардың ішінде орналастырылатын тауар өнімі;
көрсетілетін қызмет түрлері;
дараландыру құралдары;
декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы ішкі безендіру жатпайды.
сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырған кезде – облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;
сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырған кезде – аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
1) сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең мен орын туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны;
2) Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;
3) нобайларымен қоса жарнаманың қазақ және орыс тілдерінде еркін нысандағы сипаты қоса беріледі.
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші және кейінгі айлары үшін төлем мөлшері сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру жағында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейнелерді, бейнекөріністерді, жүгіретін жолдарды қоса алғанда, төленген ай ішінде орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама санына қарамастан, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағының орналасқан жері мен алаңына қарай, салық кодексімен бекітілген базалық ай сайынғы мөлшерлемелерге сәйкес есептеледі.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі жағының алаңына сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру төленген күнтізбелік ай ішінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағына бұрын енгізілген төлемді растайтын құжатты қоса бере отырып, хабарлама жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Үй-жайдың ішінде орналастырылатын бейнелер мен бейнекөріністер тауар өнімін және көрсетілетін қызметтердің түрлерін сипаттайтын сыртқы көзбен көру үшін сөрелер мен терезелердің ішкі безендірілуіне жатады.
Жергілікті атқарушы органдар ескертулер берген жағдайда сыртқы (көрнекі) жарнама ескертулер жойылған жағдайда ғана орналастарылуы мүмкін.
3-тарау. Қорытынды ережелер
|
|
Жетісу облысының сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тысашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль |
Нысан
_________________________________
(жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі)
_________________________________
(басшының аты, әкесінің аты (болған кезде) тегі)
________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (болған кезде) тегі, байланыс телефоны,
_________________________________
заңды тұлғаның мекенжайы немесе толық атауы)
_________________________________
(жеке тұлғаның ЖСН немесе
_________________________________
заңды тұлғаның БСН),
_________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
Жетісу облысының сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарлама
Меншік иесі __________________________ ________________________
(сыртқы (көрнекі) жарнама иесін, меншік құқығын растайтын құжатты көрсету)
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру орны және кезеңі
______________________________________________________________
(орналастыру орнын және кезеңін көрсету)
Эскиздің сипаттамасы: __________________________________________
______________________________________________________________
Қосымша:
1) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы жасалғанын растайтын құжат;
2) эскиз.
Күні__________ Қолы_________