Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

03.11.2023ж.

 

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты
тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған
конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

 

  1. «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2023 жылғы 4 желтоқсанда сағат 15.00-де Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 102 кабинет мекенжайы бойынша
    жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау
    маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу
    туралы хабарлайды.
          2. Конкурсқа мынадай маршрут шығарылады:

ЛОТ № 9

№ 909 «Текелі қ.  – Жетісу а. (Ескелді ауданы) – Қарабұлақ к. (Ескелді ауданы) – Талдықорған қ. автовокзал»

  1.  Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
    немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген
    жеке және заңды тұлғалар қатысады.
          4. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26, 105 кабинет  мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
          5. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2023 жылғы 20 қарашада  сағат 18.30.
          6. 2023 жылғы 6 қарашада сағат 15.00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
          7. Анықтама алу үшiн телефондар: 8/7282/32-96-64.

 

 

Басқарма басшысының м.а.                                             А. Досжанов

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
Дата публикации
03 ноября 2023