2023 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ  

2023 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша

Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

 

Жетісу облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 988 шқ (республикалық маңызы бар     1 034 шқ, жергілікті маңызы бар 2 954 шқ) құрайды.

Жалпы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 2807.1  шақырымды құрайды (110 көпір / 2656 су өткізгіш құбырлары).

2023 жылы 216,1 шқ автомобиль жолды жөндеу жоспарлануда, жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 15,6 млрд. теңге қаражат бөлінді   (ҰҚ – 0,5 млрд. теңге; РБ – 1,5 млрд. теңге, ЖБ – 13,6 млрд. теңге).

Анықтама үшін:

* 9 шқ құрылыс және қайта жаңартуға – 3,7 млрд. теңге; (3-жоба)

* 6 көпірді күрделі жөндеуге – 1,0 млрд. теңге;

(6-жоба соның 5 көпірі апатты деп талыған 15 көпірдің бастамасы)

* 172,7 шқ орташа жөндеуге – 7,7 млрд. теңге;

(19-жоба)

* 34,4 шқ ағымдағы жөндеуге, күтіп ұстауға – 3,1  млрд. теңге.

Оның ішінде ірі жобалар:

         Алматы облысының туристік кластерін дамыту шеңберінде Балқаш көліне дейін 102 шқ автожолды реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде (Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай, 0-110 шқ, 35-110 учаскесі- 3,4 млрд. теңге, Лепсі-көл.Балқаш 0-27 шқ – 92,0 млн. теңге).

 

Басқарма тізілімінде 31 тұрақты республикаішілік автобус маршруттары бар.

Бұл бағыттарға 8 жеке меншік нысанындағы кәсіпорын қызмет көрсетеді, оның ішінде 2 жеке кәсіпкер және 6 заңды тұлға.    

Жолаушы көлігі саласында белгілі  жұмыстар жүргізілді:

Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында «Талдықорған-Үшарал-Талдықорған» бағыты бойынша күнделікті авиарейстер жүзеге асырыла бастады.

Ағымдағы жылдың 3 наурызында басқармада көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі өткізіліп, оның барысында облыс орталығының тұрғындарына кеңес алуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер бойынша кейбір сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берілді.

 Ағымдағы жылдың 6 наурызында көлік бойынша кеңес өтті, онда Талдықорған қаласы әуежайының санитарлық-қорғау аймағын белгілеу, сондай-ақ облыс орталығында жаңа автовокзал салу мәселелері қаралды.

Ағымдағы жылдың 9 наурызында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Астана-Талдықорған-Астана» бағыты бойынша авиамаршрутты субсидиялау туралы өтініш жолданды, сондай-ақ Үшарал қаласы әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын республикалық меншікке беру мәселелері бойынша ҚР Қорғаныс министрлігіне хат жолданды.

Ағымдағы жылдың 15 наурызында басқармада мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті, онда облыс орталығының автовокзалын дамыту мәселелері талқыланды.  Кеңес қорытындысы бойынша оны одан әрі дамыту бойынша бірқатар бірлескен ұсыныстар әзірленді.

Ағымдағы жылдың 16 наурызында басқарма Талдықорған қаласының әуежайындағы шу деңгейін төмендету мәселелері жөнінде Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өткізген кеңеске қатысты.

 Ағымдағы жылдың 31 наурызында Азаматтық авиация комитетінің қатысуымен кеңес өтті, оның барысында Үшарал қаласының әуежайында шатырлы күту залын орнату, сондай-ақ осы әуежайдың түнгі уақытта әуе кемелеріне қызмет көрсету мәселелері қаралды.

2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша портал арқылы www.elicense.kz 2 өтініш келіп түсті, оның ішінде «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнаманы стационарлық орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» - 1, «Ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау» - 1.

Есепті кезеңде басқармада көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қызмет алушылар тарапынан шағымдар түспеген.

Өткен кезеңде басқармаға 41 өтініш түсті (пошта – 0, қолма – қол-2,               e-otinish-39), оның ішінде 22 өтініш бойынша жазбаша және ауызша түсініктемелер берілді, 19 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді.

Барлық өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі аясында қаралды.

Қабылданған әкімшілік актілерге шағымдар түспеген.

 

2023 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ  
Дата публикации
24 октября 2023