2023 жылғы ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

2023 жылғы ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша

Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

 

Жетісу облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 988 шқ (республикалық маңызы бар 1 034 шқ, жергілікті маңызы бар 2 954 шқ) құрайды.

2023 жылы 199,5 шқ облыстық автомобиль жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 17,0 млрд. теңге қаражат бөлінді (ҰҚ – 1,5 млрд. теңге; РБ  – 1,5 млрд. теңге, ЖБ – 14,0 млрд. теңге).

Анықтама үшін:

* 10 шқ құрылыс және қайта жаңартуға – 6,3 млрд. теңге;

* 6 көпірді күрделі жөндеуге – 1,0 млрд. теңге;

* 153,6 шқ орташа жөндеуге – 6,5 млрд. теңге;

* ағымдағы жөндеуге, күтіп ұстауға және 35,9 шқ маршруттық тәсілмен жөндеуге – 3,2 млрд. теңге.

Ағымдағы жылға ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша қаражатты игеру 11,1 млрд. теңгені құрады, 104,2 км жөнделді.

Өткен кезеңде 3 лот бойынша 3 маршрутты қамтитын тұрақты ауданаралық, облысаралық маршруттарға қызмет көрсету құқығына                  3 конкурс өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша № 2 лот бойынша конкурс жеңімпазымен жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт жасалды, ал қалған 2 лот бойынша конкурс өтпеді деп танылды.   

Жолаушы көлігі саласында белгілі  жұмыстар жүргізілді:

Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында «Талдықорған-Үшарал-Талдықорған» бағыты бойынша күнделікті авиарейстер жүзеге асырыла бастады.

Ағымдағы жылдың 3 наурызында басқармада көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі өткізіліп, оның барысында облыс орталығының тұрғындарына кеңес алуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер бойынша кейбір сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берілді.

 Ағымдағы жылдың 6 наурызында көлік бойынша кеңес өтті, онда Талдықорған қаласы әуежайының санитарлық-қорғау аймағын белгілеу, сондай-ақ облыс орталығында жаңа автовокзал салу мәселелері қаралды.

Ағымдағы жылдың 9 наурызында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Астана-Талдықорған-Астана» бағыты бойынша авиамаршрутты субсидиялау туралы өтініш жолданды, сондай-ақ Үшарал қаласы әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын республикалық меншікке беру мәселелері бойынша ҚР Қорғаныс министрлігіне хат жолданды.

Ағымдағы жылдың 15 наурызында басқармада мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті, онда облыс орталығының автовокзалын дамыту мәселелері талқыланды.  Кеңес қорытындысы бойынша оны одан әрі дамыту бойынша бірқатар бірлескен ұсыныстар әзірленді.

Ағымдағы жылдың 16 наурызында басқарма Талдықорған қаласының әуежайындағы шу деңгейін төмендету мәселелері жөнінде Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыөткізген кеңеске қатысты.

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Азаматтық авиация комитетінің қатысуымен кеңес өтті, оның барысында Үшарал қаласының әуежайында шатырлы күту залын орнату, сондай-ақ осы әуежайдың түнгі уақытта әуе кемелеріне қызмет көрсету мәселелері қаралды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Алматы-Үшарал-Алматы» және «Астана-Үшарал-Астана» бағыттары бойынша күнделікті авиарейстер орындала бастады.

Ағымдағы жылдың 18 мамырында Алакөл ауданы Үшарал және Талдықорған қалаларының әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті.

Ағымдағы жылдың 25 мамырында «AMANAT» партиясының филиалы өткізген «Ашық есік күні» іс-шарасына қатысты, оның барысында азаматтардың өзекті мәселелері бойынша өтініштері қаралды.

Ағымдағы жылдың 30 мамырында басқарма қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы» және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізілді.

Ағымдағы жылдың 2 маусымында «AMANAT» партиясы филиалының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік басқаруды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының есебі тыңдалды. 

Ағымдағы жылдың 20 маусымында облыс мәслихатының шешімімен бекітілген «Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» нормативтік-құқықтық акт қабылданды.

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Тарифтерді есептеу әдістемесіне және әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу мәселелері бойынша Жұмыс тобының отырыстарына қатысып, тиісті ұсыныстар әзірленді.

Әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту және арнайы техника сатып алу бойынша жол картасының жобасына ұсыныстар енгізілді.

2023 жылдың 9 айдың  қорытындысы бойынша портал арқылы www.elicense.kz 6 өтініш келіп түсті, оның ішінде «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнаманы стационарлық орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» - 3, «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» - 3.

Мемлекеттік қызметті алуға 6 өтініштің 2-уі қанағаттандырылды.

Есепті кезеңде басқармада көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қызмет алушылар тарапынан шағымдар түспеген.

Өткен кезеңде басқармаға 11 өтініш түсті (пошта – 0, қолма – қол-18,     e-otinish-181), оның ішінде 104 өтініш бойынша жазбаша және ауызша түсініктемелер берілді, 84 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді.

 

 

Басқарма басшысы                                                       Ғ. Дәрібаев

2023 жылғы ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Дата публикации
24 октября 2023