«БЕКІТЕМІН»
Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
______________Ғ. Дәрібаев
«___» ______________2022 ж.
функциялары мен құқықтары
1) автомобиль көлiгiнiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту;
2) автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді;
3) облыс шегіндегі автомобиль жолдары және көлік кешендері объектілеріне кіруге.
4) мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу;
5) мемлекеттік сатып алу жұмыстарын үйлестіру;
6) мемлекеттік сатып алу бойынша есептерінің уақытылы дайындалуын, берілуін, жолдануын қамтамасыз ету;
1) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін басқару;
3) облыстың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
4) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
6) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту;
7) бөлінген белдеудегі сауда, қоғамдық тамақтану және басқа да сервис объектілерінің, сондай-ақ олардың сыртқы жарнамаларының орналастырылуларына келісу;
8) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту;
9) елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту;
10) кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жалғасатын жолдарды салуды келісу;
11) облыстық маңызы бар жолдарды салуды, ұтымды пайдалануды және күтiп ұстауды қамтамасыз ету;
12) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және ондағы қондырғыларды күтіп ұстау, жөндеу және салу жұмыстарын жүргізуге (соның ішінде, мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін алып қою және сатып алу) бөлінген қаржының тиімді және мақсатқа сай пайдалануын қамтамасыз ету;
13) жергілікті мәні бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және ондағы қондырғыларды салу жұмыстарын (соның ішінде, мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін алып қою және сатып алу) жүргізу үшін дамытуға арналған нысаналы трансферттер бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаржының тиімді және мақсатқа сай пайдалануын қамтамасыз ету;
14) автомобиль жолдарының көлік-пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігін талаптарын сақтау және қоршаған ортаны сақтау мақсатында жол бойындағы қызмет көрсету объектілері мен жол бойы телімдеріне жоспарлас аумақтардың техникалық жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру;
15) жол қозғалысына қатысушылармен облыстың жергілікті мәні бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау;
16) мемлекеттік сатып алуды дұрыс ұйымдастыру;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) жол полициясы органдарымен және төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп: қысылтаяң жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климат жағдайлары, дүлей апаттары, өрт, автомобиль жолдарының көтеру қабiлетiнiң жойылуы), көлiк құралдарының жүрiсiн шектеуге немесе тоқтатуға, автомобиль жолдарын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауға құқылы;
2) облыс шегінде автожол кешендерінде бақылау, үйлестіру және басқа да Заңмен ескерілген арнайы сондай-ақ рұқсат ету функцияларын жүзеге асыруға;
3) автожол кешендеріне қатысты облыс әкімдігінің актілерінің орындалуына бақылау жасау;
4) автожол кешендерін дамытудың жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстармен шешімдерді әзірлеуге қатысу;
5) әлеуметтік даму бағдарламаларының жүзеге асырылуына кедергі жасайтын, бұрын қабылданған актілерді өзгерту және күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізу.
Басшы:
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке-дара жауап береді;
2) бөлім қызметкерлері арасында міндеттердің бөлінуін, қажетті тәртіпті және еңбекті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
3) бөлім қызметін, оның әрбір қызметкерін зерделейді және басқарма басшысына бөлім құрылымын жетілдіру, мамандарды лауазымға тағайындау және босату, оларды жазалау және көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, оның құзыретіне кіретін басқарма басшыларының тапсырмалары бойынша басқа да міндеттерді орындайды.