«БЕКІТЕМІН»
Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
______________Ғ. Дәрібаев
«___» ______________2022 ж.
функциялары мен құқықтары
1) экономиканың және халықтың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге деген мұқтажын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
2)халықаралық автомобильмен тасымалдау рыногында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi үшiн жағдайлар жасау;
3) автомобильмен тасымалдаудың iшкi рыногын қорғау.
1) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзедi;
2) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiтедi;
3) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келіседi;
4) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тiзiлiмiн жүргiзедi;
5) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
6) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлейдi;
7) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қаларалық) қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;
9) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау;
10) азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде қарау;
11) жолаушылар көлiгiн кешенді дамыту бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламасын, мақсатты бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шығындарын кейіннен өтей отырып, тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға;
13) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
14) шағын көлемдi өздігінен жүзетін кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру жатады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) ұйымдар мен бөлімдерден қажетті материалдарды, құжаттарды сұрату және алу.
Басшы:
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке-дара жауап береді;
2) бөлім қызметкерлері арасында міндеттердің бөлінуін, қажетті тәртіпті және еңбекті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
3) бөлім қызметін, оның әрбір қызметкерін зерделейді және басқарма басшысына бөлім құрылымын жетілдіру, мамандарды лауазымға тағайындау және босату, оларды жазалау және көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, оның құзыретіне кіретін басқарма басшыларының тапсырмалары бойынша басқа да міндеттерді орындайды.