Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің әкімшілік-ұйымдастыру бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

«БЕКІТЕМІН»

Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы

______________Ғ. Дәрібаев

«___» ______________2022 ж.

 

 

«Жетісу облысының жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің

әкімшілік-ұйымдастыру бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Әкімшілік-ұйымдастыру бөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс әкімінің қаулысын, өкімін, шешімін және басқа да құқықтық актілерін, сонымен қатар басқарманың бұйрықтары, басқарманың ережесін және осы ережені басшылыққа алады.
  4. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы бекітеді.

 

  1. Әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің негізгі міндеттері,

функциялары мен құқықтары

 

  1. Міндеттері: Бөлім мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің арасында өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету; қаржы-шаруашылық қызметті есепке алуды ұйымдастыру, басқарма меншігінің сақталуын, ақшалай қаражатты және материалдық құндылықтардың дұрыс жұмсалуын қадағалау, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын сақтау; бюджеттік мекемелерден, аудан және қала әкімдіктерінен келіп түскен хаттарға жауап беру жұмыстарын ұйымдастыру; жеке және заңды тұлғалардың бөлім құзырына қатысты сұрақтарына жауап беру;
  2. Функциялары:

1) бухгалтерлік есепті дұрыс және ұтымды ұйымдастыру;

2) бухгалтерлік есептің жаңа түрлері мен әдістерін енгізу;

3) қызметкерлердің еңбек ақысын есептеуді ұйымдастыру;

4) әкімшілік жұмыстарды жүзеге асыру;

5) ашық лимиттерге сәйкес қаржының дұрыс және тиімді жұмсалуын және бюджет бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес олардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;

6) қаржыландыру жоспарын орындау барысында туындайтын есептерді уақытында жүргізу, облыстың қаржы және салық органдарымен  жұмысты  жүргізу;

7) тоқсандық және жылдық  қаржылық есептерді белгіленген мерзімде ұсыну;

8) активтер мен материалдық құндылықтардың сақталуын қадағалау;

9) ақша-қаражатын, тауар-материалдық құндылықтарды, сонымен қатар кредиттік және есептеу міндеттемелерін қабылдау және беру үшін негіз болып табылатын құжаттарды әзірлеу;

10) қаржыландыру жоспарын әзірлеу  және келісу;

11) құжаттарды сақтау және белгіленген тәртіпте мұрағатқа өткізу;

12) ақша-қаражатының, тауар-материалдық құндылықтарды, негізгі қорларды, оларға есептеме және төлем міндеттемелерінің белгіленген ережелері мен мерзімдердің сақталуын қадағалау;

13) материалдық жауапты тұлғалардың қарауында тұрған құндылықтардың сақталуы және есепке алу мәселелері бойынша оларға нұсқама беру;

14) Басқарма аппаратының жұмысының қамтамасыз етілуіне арналған сатып алынатын тауарлар, жұмыс және көрсетілетін қызмет көлемі мен номенклатурасын  қалыптастыру;

15) Қазынашылық органдарына мемлекеттік сатып алу туралы келісімдерді тіркеуге ұсыну;

16) басқарманың сенім телефоны бойынша жұмысты жүргізу;

17) басқарманың істер номенклатурасын келісуге жіберу және бекіту;

18) 001, 011 бюджеттік бағдарламаларды «Ашық бюджеттер» компонентіне орналастыру бойынша жауапты болу;

19) кадрлық мәселелер бойынша жұмыстарды атқару;

20) әкімшілік мәселелер бойынша жұмыстарды атқару.

 

  1. Құқықтары:

1) Басқарма қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы басқарма басшылығына ұсыныс енгізуге;

2) белгіленген тәртіпте басқарманың құрылымдық бөлімшелерінен бөлімде қарастырылып жатқан мәселелерге қатысты құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

3) бөлім басшыларынан басқарманың мүлкін сақтауды қамтамасыз етуге шара қолдануды талап етуге;

4) басқарма басшылығына бөлімнің қызметін жақсарту жөнінде ұсыныс енгізуге;

5) басқарма басшылығының тапсырмасы бойынша басқа да тапсырмаларды орындауға.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
  2. Бөлімде мемлекеттік әкімшілік қызметші болып табылатын, Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындайтын және босататын бөлім басшысы басқарады, ол:

         1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке-дара  жауап береді;

         2) бөлім қызметкерлері арасында міндеттердің бөлінуін, қажетті тәртіпті және еңбекті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

  3) бөлім қызметін, оның әрбір қызметкерін зерделейді және басқарма басшысына бөлім құрылымын жетілдіру, мамандарды лауазымға тағайындау және босату, оларды жазалау және көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

         4) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, оның құзыретіне кіретін басқарма басшысының тапсырмалары бойынша  басқа да міндеттерді орындайды.

  1. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

 

 

 

Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің әкімшілік-ұйымдастыру бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
24 октября 2023