2023 жылдың І жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Жетісу облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 988 шқ (республикалық маңызы бар     1 034 шқ, жергілікті маңызы бар 2 954 шқ) құрайды.

2023 жылы 221 шқ облыстық автомобиль жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 17,0 млрд. теңге қаражат бөлінді (ҰҚ – 1,5 млрд. теңге; РБ  – 1,5 млрд. теңге, ЖБ – 14,0 млрд. теңге).

Анықтама үшін:

* 10 шқ құрылыс және қайта жаңартуға – 4,7 млрд. теңге;

* 6 көпірді күрделі жөндеуге – 1,0 млрд. теңге;

* 176,6 шқ орташа жөндеуге – 8,0 млрд. теңге;

* ағымдағы жөндеуге, күтіп ұстауға және 34,4 шқ маршруттық тәсілмен жөндеуге – 3,2 млрд. теңге.

            Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қаражатты игеру 5,1 млрд. теңгені құрады, 71,5 км жөнделді.

Басқарма тізілімінде 31 тұрақты республикаішілік автобус маршруттары бар.

Бұл бағыттарға 8 жеке меншік нысанындағы кәсіпорын қызмет көрсетеді, оның ішінде 2 жеке кәсіпкер және 6 заңды тұлға.    

Жолаушы көлігі саласында белгілі  жұмыстар жүргізілді:

Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында «Талдықорған-Үшарал-Талдықорған» бағыты бойынша күнделікті авиарейстер жүзеге асырыла бастады.

Ағымдағы жылдың 3 наурызында басқармада көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі өткізіліп, оның барысында облыс орталығының тұрғындарына кеңес алуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер бойынша кейбір сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берілді.

 Ағымдағы жылдың 6 наурызында көлік бойынша кеңес өтті, онда Талдықорған қаласы әуежайының санитарлық-қорғау аймағын белгілеу, сондай-ақ облыс орталығында жаңа автовокзал салу мәселелері қаралды.

Ағымдағы жылдың 9 наурызында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Астана-Талдықорған-Астана» бағыты бойынша авиамаршрутты субсидиялау туралы өтініш жолданды, сондай-ақ Үшарал қаласы әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын республикалық меншікке беру мәселелері бойынша ҚР Қорғаныс министрлігіне хат жолданды.

Ағымдағы жылдың 15 наурызында басқармада мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті, онда облыс орталығының автовокзалын дамыту мәселелері талқыланды.  Кеңес қорытындысы бойынша оны одан әрі дамыту бойынша бірқатар бірлескен ұсыныстар әзірленді.

Ағымдағы жылдың 16 наурызында басқарма Талдықорған қаласының әуежайындағы шу деңгейін төмендету мәселелері жөнінде Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыөткізген кеңеске қатысты.

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Азаматтық авиация комитетінің қатысуымен кеңес өтті, оның барысында Үшарал қаласының әуежайында шатырлы күту залын орнату, сондай-ақ осы әуежайдың түнгі уақытта әуе кемелеріне қызмет көрсету мәселелері қаралды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Алматы-Үшарал-Алматы» және «Астана-Үшарал-Астана» бағыттары бойынша күнделікті авиарейстер орындала бастады.

Ағымдағы жылдың 18 мамырында Алакөл ауданы Үшарал және Талдықорған қалаларының әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті.

Ағымдағы жылдың 25 мамырында "AMANAT" партиясының филиалы өткізген "Ашық есік күні" іс-шарасына қатысты, оның барысында азаматтардың өзекті мәселелері бойынша өтініштері қаралды.

Ағымдағы жылдың 30 мамырында басқарма қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы» және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізілді.

Ағымдағы жылдың 2 маусымында "AMANAT" партиясы филиалының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік басқаруды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының есебі тыңдалды. 

Ағымдағы жылдың 20 маусымында облыс мәслихатының шешімімен бекітілген "Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы" нормативтік-құқықтық акт қабылданды.

2023 жылдың І жартыжылдықтың  қорытындысы бойынша портал арқылы www.elicense.kz 6 өтініш келіп түсті, оның ішінде «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнаманы стационарлық орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» - 3, «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» - 3.

Есепті кезеңде басқармада көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қызмет алушылар тарапынан шағымдар түспеген.

Өткен кезеңде басқармаға 11 өтініш түсті (пошта – 0, қолма – қол-13,     e-otinish-99), оның ішінде 68 өтініш бойынша жазбаша және ауызша түсініктемелер берілді, 44 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді.

Барлық өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі аясында қаралды.

 

Дата публикации
17 июля 2023