Мемлекеттік қызмет

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығымен бекітілген Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидалары негізінде көрсетіледі.

 

 Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінішті және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің эскизінің электрондық көшірмесін жолдайды.

       Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көзделген қызмет стандартының 8-тармағына (бұдан әрі – 2-стандарт) сәйкес барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

       Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға қойылатын негізгі талаптар тізбесі "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында баяндалған.

 

Құжаттарды қарау мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 5 (бес) жұмыс күнін құрайды

 

 

__________________

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығымен бекітілген Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидалары негізінде көрсетіледі.
Дата публикации
27 октября 2022