Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы

Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 мамырда № 20783 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.12.2022 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Қоса беріліп отырған "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.
  2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткенен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы

 

Мәдениет және спорт министрі

А. Раимкулова

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсіп

      министрлігі

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Ұлттық

      экономика министрлігі

Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
05 декабря 2025