Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгiлеу туралы

 

 

Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгiлеу туралы

         

«Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының
2) тармақшасына, «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а.
2025 жылғы 11 шiлдедегi № 171-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелері осы шешімінің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына (келісім бойынша) жүктелсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыстық мәслихат төрағасы                                        Г. Тойлыбаева

Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгiлеу туралы
Дата публикации
05 декабря 2025