Жетісу облысында шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, ойын мекемесінің жұмыскерлерінің және еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты ойын мекемесінде болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол берілетін казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыру үшін аумақтардың шекараларын айқындау туралы
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы
1-тармағына, «Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) орналастырылатын аумақтарды, сондай-ақ шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, ойын мекемесінің жұмыскерлерінің және еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты ойын мекемесінде болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол берілетін казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыру үшін жекелеген аумақтардың тізбесін айқындау туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №767 қаулысына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Жетісу облысы Алакөл ауданы Ырғайты ауылдық округінің Ақши ауылы жағынан Алакөл көлінің жағалауында шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, ойын мекемесінің жұмыскерлері және еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты ойын мекемесінде болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол берілетін казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыру үшін аумақтардың шекаралары айқындалсын.
- Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Жетісу облысы Панфилов ауданы Айдарлы ауылдық округінің Айдарлы ауылы жағынан халықаралық көлік дәлізі бойында шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдар, ойын мекемесінің жұмыскерлері және еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты ойын мекемесінде болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол берілетін казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыру үшін аумақтардың шекаралары айқындалсын.
- «Жетісу облысының Алакөл көлінің жағалауында казиноларды, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыру үшін аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 176 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.