
Текелідегі 1030 сайлау учаскесінде Николаев Николай Николаевич өз таңдауын жасап, ел болашағы үшін дауыс берді. Зейнеткер Николай Николаевич ұзақ жылдар кен байыту комбинатында жұмыс істеп, кәсіптік колледжде өндірістік оқу шебері болған. Еңбектегі еселі үлесі үшін алған министрлік марапаттарын мақтан тұратын қарт ұстаз келешегіміздің кемел болатынына нық сенімді.