Меню

Страницы

Статья

Қазақстандықтар зейнетке шығу мәселесіне белсенді түрде қызығушылық танытып жатыр

Зейнетке шығу мәселесі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығына келіп түсетін ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтардың бірі екенін білдіреміз. 2022 жылдың басынан бастап байланыс орталығының операторлары зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша 414 923 сұраққа жауап берді, бұл барлық өтініштердің 80 пайызы болады. Тізімде Алматы көш бастап тұр – 59 179 (14,2%), одан кейін Нұр – Сұлтан – 48 440 (11,6%), Шымкент – 29 466 (7,1%), Түркістан облысы – 38 322 (9,2%) және Алматы облысы –32 320 (7,7%). Бұл мәселелер СҚО – 3 903 (0,9%), Қостанай – 7 393 (1,7%) және Ақмола – 9 394 (2,2%) облыстарында аз қызығушылық тудырған. Байланыс орталығы мына бағыттар бойынша кеңес береді: зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру, еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту, көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу және басқа да мәселелер. Күн сайын байланыс орталығының 60 операторы клиенттердің 3-5 мыңға дейінгі өтінішін қабылдайды. Клиенттер үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ресми Тelegram-арнада, сондай-ақ Instagram, Faceboоk желісінде, Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын жариялайтын боламыз.

Дата публикации
03 августа 2022
Дата обновления
03 августа 2022
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

08 июля 2026
13 марта 2026
Ақпарат
13 февраля 2026
Республикалық рефендумның негізгі кезеңдері

Социальные медиа

Текелі Қаласының Әкімшілігі
tekeliakimat

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы