2022 жылдың 01 сәуір күні әкімшіліктің кіші залында Текелі қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелет жасына толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының кезекті отырысы қала әкімінің орынбасары Б.Тұғылбаевтың төрағалығымен өтті. Күн тәртібінде: 1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы (Балалар жылы). Қалалық емхананың психологы Оксана Александровна Тапбергенова диспансерлік есепте барлығы 105 мүмкіндігі шектеулі бала тұрғанын, олардың барлығын учаскелік дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер және психологтар бақылайтыны туралы мәлімдеді.
Білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңестерінің, оның ішінде буллингтің, кибербуллингтің алдын алу жөнідегі ата-аналардың өкілеттіктерін кеңейту бойынша қабылданған шаралар туралы №1ОМ ҚК төрағағасы С.Жаңбырбаев, №3ОМ ҚК төрайымы Мағрипа Сләмқызы, №6ОМ ҚК мүшесі Л.Грабарева, №7ОМ ҚК хатшысы А. Жексембаева ақпарат берді.
Кәмелет жасына толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының есебіне қалалық полицияның профилактикалық есебінде қолайсыз отбасылармен, құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдерді қою және шығару туралы сұрағы қаралды.