Құрылыс объектілерінде мұнара кран апат пен оқиғаны болдырмау мақсатында, Алматы облысы аумағында орналасқан мұнара крандарын пайдаланумен, сондай-ақ авариялар мен оқыс оқиғаларды алдын алу үшін иелері мен ұйымдарына 30.12.2014 жылғы № 359 «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» талаптарының нормаларын қатаң сақтауы қажет.
Апаттар мен жазатайым оқиғалардың себептері:
-инженерлік-техникалық қызметкерлер мен ұйым басшылары тарапынан мұнара крандарының техникалық жай-күйін нашар бақылауы;
- пайдаланылатын мұнара крандарының моральдық және физикалық тозуы;
- қауіпті өндірістік объектінің қызмет көрсетуші персоналының теориялық және практикалық білімдерінің төмен деңгейі.
Сондай-ақ келесі іс-шараларды орындау қажет:
- құрылыс нысандарында пайдаланылатын мұнара крандарының техникалық жағдайына бақылауды күшейту;
- мұнара крандарының техникалық жағдайын үнемі мониторин жасау қажет.