Меню

Страницы

Статья

64 мың жаңа жұмыс орны Алматы облысында жаңартылатын энергетиканы дамытуға мүмкіндік береді

Алматы облысында энергия үнемдеуді дамытудың басым бағыттарының бірі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру болып табылады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
"Өңірдің сыртқы энергия жеткізушілерден энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін гидро және жел энергия ресурстарының едәуір қорын ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану басым бағыттардың бірі болады", - деді Қанат Алдабергенұлы.
Айта кетейік, облыста электр энергиясын тұтыну 730,65 МВт құрайды, оның ішінде меншікті өндіріс 313,18 МВт, оның ішінде ЖЭК үлесі - 78 МВт немесе 25%.
2025 жылға дейін облыста жалпы қуаттылығы 398 МВт болатын 320,2 млрд теңгеге 26 жобаны іске асыру және ЖЭК үлесін 42%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Оның ішінде ағымдағы жылы 179,5 МВт (98,7 млрд теңге) құрайтын 6 нысан іске қосылады.
Сондай-ақ, өңір басшысының сөйлеген сөзінен Алматы облысында жаңартылатын энергетиканы дамыту 64 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретіні белгілі болды.

Дата публикации
24 февраля 2022
Дата обновления
24 февраля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

08 июля 2026
13 марта 2026
Ақпарат
13 февраля 2026
Республикалық рефендумның негізгі кезеңдері

Социальные медиа

Текелі Қаласының Әкімшілігі
tekeliakimat

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы