Меню

Страницы

Статья

Жетісулық 167 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

Алматы облысында 12 жастан бастап тұрғындарды короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 7 ақпанына қараған күні облыста бірінші компонентпен 1 036 030 адам егілді, оның ішінде 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 68 885, жүкті әйелдер – 3498 және лактация кезеңіндегі әйелдер – 11 991. Екінші компонентпен 915 087 адам егілді, оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 35 079, жүкті әйелдер – 2093 және лактация кезеңіндегі әйелдер - 6492. Одан бөлек, 167 397 адам ревакцинация курсынан өтті.
Сондай-ақ, Алматы облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізуге 318 егу кабинеті, 76 жылжымалы пункт іске қосылды.
Қазіргі уақытта облыста "Пфайзер" компаниясының "Комирнати", "Sinopharm Vero Cell", "Qaz Covid-in" және "Гам-КОВИД-ВАК ("Спутник V") вакциналары колданыста бар.
Вакцинацияға рұқсат алу үшін өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге, тіркелген жеріңіз бойынша мейірбикеңізге жүгіну немесе eGov.kz немесе eGov mobile қосымшасында порталында электрондық өтінімді жіберу арқылы алдын ала жазылу қажет. Жасөспірімдерге вакцинация ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі.
Вакцинация - пандемияны тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі! Вакцина алып - өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Дата публикации
07 февраля 2022
Дата обновления
07 февраля 2022
Тип
COVID-19 туралы ақпарат

Сейчас читают

08 июля 2026
13 марта 2026
Ақпарат
13 февраля 2026
Республикалық рефендумның негізгі кезеңдері

Социальные медиа

Текелі Қаласының Әкімшілігі
tekeliakimat

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы