Меню

Страницы

Статья

Алматы облысынан көлік-логистикалық орталық «Қазақстан халқына» қорына 450 млн теңге аударды.

Алматы облысының Панфилов ауданында орналасқан «EUROTRANSIT NUR ZHOLY» ЖШС қорға 450 миллион теңге аударды.
Кәсіпорынның негізгі қызметі астықты қоспағанда, азық-түлік емес тауарларды сақтау болып табылады. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылды, жалпы аумағы 25 гектарды құрайды. ЖШС үш сегменттен тұрады: кеден-қойма, экспедиторлық-логистикалық және инфрақұрылымдық қызмет көрсету, бұл тауарлар алмасу көлемін, өткізу қабілетін және еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2 ақпанда «EUROTRANSIT NUR ZHOLY» компаниясымен бірлесіп, тағы 6 ірі компания «Қазақстан халқына» қорының шотын 2,4 миллиард теңгеге толықтырды. Ал 3 ақпанда Қазақстан игілігіне кәсіпкерлер мен кәсіпорындардан қорға 1,2 млрд теңге аударылған. Салымшылардың тізімі қор сайтында тұрақты түрде жарияланады.

Дата публикации
07 февраля 2022
Дата обновления
07 февраля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

08 июля 2026
13 марта 2026
Ақпарат
13 февраля 2026
Республикалық рефендумның негізгі кезеңдері

Социальные медиа

Текелі Қаласының Әкімшілігі
tekeliakimat

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы