Алматы облысының Текелі моноқаласында Экономикалық даму бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде онда 1411-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде өндірістік нысандар, шаруа қожалықтары және ШОБ объектілері, онда 4 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды. Моноқаланың серпінді дамып келе жатқан кәсіпорындарының бірі отандық нарықта 15 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан "Текелі-Гранит" ЖШС болып табылады. Табиғи тасты қайта өңдеуге, гранит пен мәрмәрден бұйымдар шығаруға маманданған ол құрылыс материалдарын өндіруге айтарлықтай үлес қосады.
"Текелі-Гранит" ЖШС заманауи технологиялар мен экологиялылыққа негізделген өндірістің толық аяқталған циклына ие. Бұл ретте заманауи итальяндық жабдықтар мен материалдарды пайдалану халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапаны қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын басшысы Владимир Стрельцовтың айтуынша, өндірістік алаңда өнімнің 35-ке жуық түрі өндіріледі. Бұл модульдік және жылтыратылған плиткалар, кез - келген конфигурациядағы қалың өлшемді тақталар, әртүрлі төсемдер, жол жиектері, қоршаулар, баспалдақтар, терезе төсеніштері, үстелшелер және әртүрлі сәулет өнімдері, соның ішінде субұрқақтар және тағы басқалар. Зауыттың қуаттылығы жылына 24 мың м2 гранит бұйымдарын, 20 мың п/м жол жиектерін және 40 мың п/м поребрик дайындауға есептелген.
- Мысалы, айына шамамен 2500 шаршы метр модульдік плиткалар шығара аламыз. Қапал-Арасан, Күрті, Қордай, Желтау кен орнының гранитінен жасалған блоктар түрлі-түсті гаммадағы және көлемдегі өнімдерді өндіруге арналған бастапқы шикізат болып табылады. Біз үшін ең бастысы - бұл біздің өнімнің сапасы, сондықтан біз бастапқы материалдарға ерекше назар аударамыз. Біздің гранит жылтыратылған бұйымдарымыз облыс орталығының орталық алаңын абаттандыруда, Алматыдағы 2 жол айрығының құрылысында, Астанадағы Сулы-Жасыл бульварды абаттандыруда қолданылды. Өндіріс процесінде біз ең алдымен тұтынушылардың қажеттіліктерін ескереміз, дайындалған өнімнің түсі мен формасы осыған байланысты. Заманауи талаптарға сәйкес болу және біздің өнімнің экологиялылығы бізге бәсекеге қабілеттілікті және одан әрі дамудың кең перспективаларын қамтамасыз етеді, - дейді В.Стрельцов.