▪️Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру, жергілікті атқарушы органдардың шешімдеріне шағымдану фактілерінің санын азайту мақсатында дәлелді бас тартуды ұсынған жағдайда, қолжетімді байланыс құралдарын (мобильді байланыс, WhatsApp мессенджері, электрондық пошта, смс хабарламалар және т.б.) пайдалану арқылы көрсетілетін қызметті берушілермен кері байланыс орнату практикасы енгізілді.
Қызмет көрсетушілердің міндеттері:
- дәлелді бас тарту себептерін көпшілікке қолжетімді нысанда түсіндіру;
- дәлелді бас тартуға шағымдану тәртібін түсіндіру;
- дәлелді бас тарту бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстарын есепке алу журналын жүргізу.