Меню

Страницы

Статья

Құрметті текеліліктер!

Күн мен түннің теңеліп, жер жаһанды жылуымен тербеген Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Тамыры тереңге кеткен әз-Наурыз - еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі.

Бабаларымыз «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар, Ұлы кісіден бата алсаң, олжалы жол болар» деген. Бұл күні ұлттық болмысымыз дараланып, ерекше сән-салтанатқа ие болады. Күллі табиғат түрленіп, бусанған Жер Ана ырыздығын төгіп, ақ пейілі мен мейірімін, шуағын төгеді.

Наурыз мейрамы биыл рухани жаңа тыныспен он күн тойланады. Әрбір күннің өз ерекшелігі – көрісу, шежіре айту, тарихты тағылымдау, қайырымдылық жасау сынды халқымыздың ұлттық құдылықтарымен байытылған.

Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Ұлыстың Ұлы күні әр шаңыраққа мерейлі шаттық, мол ырыс пен мызғымас ынтымақ сыйласын. Баршаңызға амандық, саулық, молшылық тілеймін.
Еліміздегі тұрақтылық тұғыры бекемделіп, бақ-берекеміз арта берсін.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Дата публикации
22 марта 2021
Дата обновления
22 марта 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

08 июля 2026
13 марта 2026
Ақпарат
13 февраля 2026
Республикалық рефендумның негізгі кезеңдері

Социальные медиа

Текелі Қаласының Әкімшілігі
tekeliakimat

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы