Қазақстан Республикасы Президентінің ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «ҚазақстанРеспубликасындағысайлаутуралы» Қазақстан Республикасы Конституциялықзаңының 85-бабына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектісайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалсын.
- Қазақстанхалқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісідепутаттарының кезектісайлауы 2021 жылғы 11 қаңтарғатағайындалсын.
- Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастырсын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектісайлауын ұйымдастырушылық, материалдық- техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 21 қазан
№ 439