Баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу – әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына тез үйренуіне мүмкіндік туғызумен сипатталады. Білім беру ұйымдарындағы инклюзивті оқытудың негізіне балалардың құқығын кемсітпеу, теңдік қатынасты қамтамасыз ету, арнайы жағдай қалыптастыру арқылы білім беру мен тәрбиелеу жатады. Осы орайда 2022 жылдың қазан айында өткен Текелі қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелет жасына толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының кезекті отырысындағы мәселенің бірі «мүмкіндігі шектеулі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білімге тең қолжеткізуін қамтамасыз ету шаралары туралы» қаралды.
Текелі қаласында инклюзивті 2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беруді талап ететін балалар саны 75 (2021 ж.- 61), мектепке дейінгі орталықтарында 21 бала тәрбиеленуде. Өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың саны жылдан жылға көбейюде.
Денсаулығына байланысты үйде оқытылатын бала саны 40, оның ішінде мүгедектігі бар 16 бала.
Қазақстандық мектептерде 2018-2019 жылдардан бастап ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагог-ассистент лауазымы пайда болды. Педагог-ассистенттер ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жалпы білім беретін мектептер арасында жолсерік. Олардың міндеттеріне жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу, оқу материалдарын бейімдеу, ерекше қажеттіліктері бар оқушылар мен мұғалімдер арасындағы делдалдық кіреді.
Педагог-ассистент, керісінше, тәлімгердің шығармашылық әлеуетін ашуға, өзіне деген сенімсіздікті жеңуге, оқу проблемаларын түзетуге көмектесетін дос. Білім бөліміне инклюзивті балалардың жеке мүмкіндіктерін, қоғамда әлеуметтенулерін кеңейту мақсатында педагог-ассистент мамандарының тапшылығын шешілуін қарастыру тапсырылды.
Келесіде «интернет контентіндегі келеңсіз сайттарға жүйелі мониторинг жүргізу. Анықталған жасөспірімдермен алдын алу, түзету жұмыстарын үйлестіру» бойынша туындайтын қиындықтар туралы және суицидолог мамандардың курстарын мектеп психологтары үшін ұйымдастыруды қарастыруын талқыланды.