Текелі қаласы прокурорының орынбасары А.А.Қаировтың, ювеналдық полиция мен көші-қон полицияның қызметкерлерінің қатысуымен 2022 жылдың 15 қараша күні Текелі қаласының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Көбінесе қолайсыз отбасыдан шыққан балалар өкінішке орай ата-анасының немғұрайлығынан немесе өздерінде де жеке куәліктін жоқтығынан уақытында құжатталмай қала береді. Адам 18 жылдық межеден өтіп, жеке басын куәландыратын құжаттарды алғысы келгенде, рәсім күрделене түседі. Осыған байланысты дербес істер қаралып және №6, №7, №5, №4 жалпы орта білім беру ұйымдарының ювеналдық полиция инспекторларының есептері тыңдалып тиісті органдар мен мемлекеттік мекемелерге тапсырмалар берілді.