Ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған талқы-диспут өтті. Шара барысында заңгер Қожатаев Айбол Қожатайұлы жұмыспен қамту орталығының қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, оның алдын алуға белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру туралы талқылады.