Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, Текелі қаласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 986. Оның ішінде:
Қағаз түрінде, баламалы негізде бірақ "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін - 14
Мемлекеттік корпорация (ХҚКО)арқылы –112.
Мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері – 393
Электрондық түрде ("Электрондық үкімет" арқылы) көрсетілген www.egov.kz, www.elicense. kz) – 467
Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы:
Текелі қаласы бойынша 2024 жылдың 12 желтоқсаны № 66-ө-н/қ қала әкімінің өкімімен ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.
Жоспар бойынша 2025 жылға 5 мекеме жоспарланған, 4 тоқсанда 2 мекеме, қаралыды. Анықталған бұзушылықтар саны - 0, ұсыныстар – 0, («Текелі қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Текелі қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде).
Халықты хабардар ету үшін мемлекеттік органдарда – қызмет берушілерде стандарттар мен регламенттер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стенділерінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары екі тілде ілінген.
Сонымен қатар, есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету туралы, көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына шағым болған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді қала бойынша электронды түрде алу насихат жұмыстары туралы.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс-шараларының саны 65 құрады (оның ішінде: қалалық газетке 7 мақалар жарияланды, түсіндіру жұмыстары-25 Фейсбук әлеуметтік желісінде тікелей эфир – 8, ифографика -5, жәрменке -14, баннер-3, видео ролик -3), 11 699 адам қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 1 мемлекеттік қызметші өтті.