Жұмысберушілерге хабарландыру!

2026 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдесіндегі № 477-IV   «Халықтың көші-қоны туралы» заңының 36-1 бабына  сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларымен» (бұдан әрі – Қағидалар)  реттелетінін хабарлайды.

Осыған орай, аталған Қағидада көрсетілген тәртіппен жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшіне қажеттіліктері мен өтінімді, еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілікті  мемлекеттік және орыс тілдерінде (қағаз және электронды түрде) қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне  2025 жылдың 24 қыркүйегіне дейін ұсынуларыңыз қажет.

Өтінім қоса беріледі.

Дата публикации
24 сентября 2025