2025 жылдың басынан бастап келесі жұмыс жүргізілді, Орталықта барлығы-21 отбасы, 73 отбасы мүшелері (52 бала) әлеуметтік тәуекелге тап болғандар.
Жалпы 5 отбасы: олардың 2 отбасы 8 отбасы мүшелері (6 балалар) орталықта тұрған, 2 отбасы 3 отбасы мүшелері (1 бала) қазіргі уақытта тұрып жатыр. 1 отбасы 1 отбасы мүшесі.
2- әйел қоғамдық жұмысқа орналастырылды.
1-бірінші жұмыс орнына орналастырылды.
1-әйел тұрақты жұмысқа орналастырылды.
4 - әйелге АӘК тағайындалды.
Психологиялық кеңес – 57
Заңгерлік кеңес – 51
Психолог тренингтері – 8
Мерекелік шаралар – 7
Дөңгелек үстелдер –2
Ашық сабақтар –3
Ашық есік күні – 2
Қайырымдылық акциялары – 2 (7 отбасына)
2025 жылдың басынан өткізілген іс-шаралар : 29 қаңтарда "Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтау" тақырыбында, 28 ақпанда алғыс айту күніне орай "Алғыс-бақыт жолы" тақырыбында тренинг өткізілді.
Ағымдағы жылдың 6 наурызында- "8 наурыз отбасылық мейрам". Наурыз айынының 14-23 аралығында "Наурызнама" он күндігінде: "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр", тренингі- "Шаңырақ. Отбасылық құндылықтарды нассихаттау", "Шаңырақ күні", "Қайырымдылық күні", "Ұлттық киім күні", "Ұлттық спорт күні" атап өтілді.
31 наурызда "Агрессияны басқару"тақырыбында ашық есік күні өтті. 15.04.2025 жылы "Жанұя" отбасын қолдау орталығында колледж студенттерімен "Темекі шегудің, нашақорлықтың және лудоманияның зияны"тақырыбында тренинг өтті.
23.04.2025 жылы "Жанұя" отбасын қолдау орталығында Текелі қаласындағы колледж студенттерімен" Сіздің құқығыңыз қорғалады " акциясы аясында іс-шара өтті.
24.04.2025 жылы "Жанұя" отбасын қолдау орталығында "тиімді қарым-қатынас"тақырыбында тренинг өтті. Тренингке 30 адам қатысты.
30.04.2025 жылы "Жанұя" отбасын қолдау орталығында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған "Достық мозайкасы" іс-шарасы өтті. 05.05.2025жылы "Жанұя" отбасын қолдау орталығында 7 мамыр "Біздің отан қорғаушылар"атты мерекелік іс-шара өтті.
08.05.2025 жылы "Жанұя" отбасын қолдау орталығында "9 мамыр-Жеңіс Күні" атты мерекелік іс-шара өтті.Бейбітшілік мерекесі".
2025 жылдың 15 мамырында Халықаралық отбасы Күніне арналған мереке шарасы мен «Отбасылық құндылықтары» тақырыбында трениг өтті.
2025 жылдың 15 мамырында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан!» деп аталатын челлендж-флешмобының ауқымды акциясы өткізілді.
22.05.2025 жылы Отбасы күніне орай ұйымдастырылған онкүндік аясында "Жанұя" отбасын қолдау орталығында Ашық есік күні, "Әкем-тірегім, анам-жүрегім"тақырыбында тренинг өтті.
2025 жылғы 26 мамырда "Жанұя" отбасын қолдау орталығында ШЖҚ және МКК "Текелі қалалық ауруханасы"-мен бірлесіп "Қазақстан балалары"онкүндігіне орайластырылған ата-аналармен кездесу өтті.
Балаларды тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды нығайту және баланың жеке басының үйлесімді дамуындағы ата-аналардың рөлі туралы айтылды.
30.05.2025 жылы «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді.
2025 жылдың 4 маусымында «Жанұя» отбасын қолдау орталығында Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған ашық сабақ өтті.
Мобильдік топ мүшелері әлеуметтік қауіпі бар (сәтсіз, өмірлік қиын жағдайдағы) 33 - отбасын тексерді. Аталған отбасыларға тексеру актілері жасалып, отбасы паспорттары толтырылды.
Мобильдік топтың жұмысы ведомствоаралық өзара іс-қимылға негізделген: әлеуметтік сала мекемелері, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдары жүйесінің білікті мамандарының келісімділігі мен іс-қимыл алгоритмін айқындайды.
Оң нәтижелер:
Барлық әйелдерге психологиялық, заңды көмектер көрсетілді.
Хон А. Қоғамдық жұмысқа орналастырылып, АӘК алуға құжаттар жиналды.
Н. Ажманбетоваға АӘК тағайындауға құжаттар жинауға көмек көрсетілді.
Г. Аветисян баспана алуға құжаттар жинауға көмек көрсетілді.
Т.Шайбекқызы, Э. Пашкевичтің отбасылары орталықта 1 айға дейінгі уақытқа орналастырылды.
Шавхалова Л.У бірінші жұмыс орнына орналастылды.
Базарбаева Д.М тұрақты жұмыс орнына орналастылды.
Жаксыбаева М.Р мекен-жайы бойынша тұрақты тіркеуге тұрды.
Аканбаева Ж. құжаттары қалпына келтірілді (курстардан өту туралы куәлік)
"Жанұя" отбасын қолдау орталығының мамандары орталықтың жұмысы туралы 150 - дана буклет таратты.
Орталықтың барлық жұмыстары инстаграмм желісінде және жергілікті "Текелі тынысы" газетінде жарияланады.