Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылдың 9 мамырында жасалған жұмыстар туралы
Мемлекеттік қызметтер
Жыл басынан 296 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Мүгедектігі бар тұлғалармен жұмыс жүргізу:
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар тұлғаларға қажетті құралдар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді.
- протездік-ортопедиялық құралдармен 1 адамнан 1 түрлі құралдарға өтініш қабылдап, порталға жолданды;
- гигиеналық құралдарға 2 адамнан 3 түрлі құралдарға өтініш қабылдап, порталға жолданды;
- санаториялық-курорттық емделуге 6 адамнан өтініш қабылдап, әлеуметтік қызмет порталы арқылы әртүрлі санаторияларға бронь жасалды;
- кресло-коляскаға 1 адам 1 түрлі құралдарға өтініш қабылдап, порталға жолданды;
- тифло-техникалық құралдармен 1 адамнан 1 түрлі құралға өтініш қабылданып, порталға жолданып қамтамасыз етілді.
Қала бойынша 1 инватакси автокөлігі 1 топтағы мүгедектігі бар азаматтарға қызмет етеді. Осы апта ішінде «Инватакси» қызметіне 1819 тапсырыс түсіп, бірінші топтағы 38 мүгедектер инватакси қызметін пайдаланды. Бұл туралы мәліметтер 04 маусымда облыстық басқармаға жолданды. Инватакси бойынша берілген актілерге салыстыру және талдау жүргізілуде.
Енбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтару бойынша – 1 өтініш түсіп, оларға мерзімін ұзартуға рұқсаттар берілді.
Мердігерлерден келіп түскен электронды есеп шоттар тексеріліп, сәйкестендіру жүргізілді.
Облыстық басқармадан, қала әкімдігінен келіп түскен хаттарға ақпараттар, мәліметтер жасалып, керек орындарға жолданды.
Мекемелерден, әкімдіктен, ұйымдардан, облыстық басқармадан келген хаттарға жауап берілді.
МӘМС бойынша сақтандырылмаған азаматтардың санаттары бойынша анықталу жұмыстары жалғастырылуда.
Жанұя отбасылық қолдау орталығына мұқтаж отбасылардың материалдық тұрмыстық жағдайлары анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік көмек көрсету секторы:
Жыл басынан атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) 326 өтініш қабылданды. Оның ішінде 319 өтініш білдірушіге «FSM social» мобильді қосымшасын қолдану арқылы тексеру актісі жүргізіліп, 318 қортынды шығарылды. Оның ішінде 240 өтініш білдірушіге АӘК та ғайындалды, 78 өтініш білдірушіге АӘК тағайындалмады (50 – орташа табысы кедейлік шегінен артық, 28 учаскелік комиссия шешімі).
2025 жылдың 10 ақпанындағы жағдай бойынша D, E санатына жататын отбасылар саны 2776 құрады, 01.01.2026 жылға бекітілген жоспар бойынша отбасылар санын 2498 отбасына қысқарту, яғни 278 отбасына азайту көзделген.
2025 жылдың 05 маусымдағы жағдай бойынша қалада D, E санатына жататын отбасылар саны 2729 (Д-2210, Е-519) құрап отыр.
Жыл басынан 106 отбасы, Д-Е санаттарынан шығарылды.
Атаулы әлеуметтік көмек бойынша жыл басынан 137 отбасыға (656 отбасы мүшесіне) жалпы соммасы 41696,5 мың теңге тағайындалып төленді.
АӘК алатын 1 жастан 6 жасқа толған балалары бар отбасылардың балаларына төленетін кепілдендірілген әлеуметтік төлем бойынша 110 отбасыға, 201 балаға – 4940,2 мың теңге тағайындалып төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиеленетін балалары бар отбасылардан жыл басынан 39 балаға – 1590,1 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалып төленді.
Пробация есебінде тұратын 2 азаматқа және бас бостандығынан айыру орнынан босатылған 2 азаматқа жалпы сомасы 236 мың теңге ( әр қайсысына 58 980) тағайындалып төленді.
Тұрғын үй көмегіне 61 отбасынан (72 отбасы мүшесі) өтініш қабылданып, 3128 мың теңге тағайындалып төленді.
Жыл басынан әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын 19 азаматтан өтініш қабылданып, жалпы соммасы 2312 мың теңге болатын әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін 21 өтініш қабылданып – 920.2 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді.
«Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша ағымдағы жылы қаржылық сауаттылыққа 629 адам оқыту кесте бойынша шілде айының 21- нен жоспарланған.
Оның ішінде: 189 адам офлайн форматта оқыту жоспарланса, 440 адам онлайн форматта жоспарланды.
Бүгінгі күнге 442 адам онлайн түрде оқудан өтіп сертификат алды.
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 90 күннен астам берешегі бар азаматтарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Текелі қаласына кіре берісіне билборд ілінді.
Қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері
Қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде 150 азаматқа көмек көрсетіледі. Оның ішінде: мүгедек-1, зейнеткер - 118, тыл еңбеккерлері - 32.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесіне 3 - адам есепке алынды. Қамқоршылық және қорғаншылық 1 азамат жүгінді.
Карттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету бойынша 3 адамның медициналық картасы қалалық емханада дайындалуда.
Мүгедектігі бар балалар, психоневрологиялық пологиясы және тірек қимыл аппараты бұзылған балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі
Бөлімшеде бүгінгі күні қызмет алып жатқан 30 бала. Оның ішінде – 12 тірек қимыл аппараты бұзылған, Даунамен - 2 бала, аутизм - 4, 18 - психоневрологиялық ауырулары бар. Әр әлеуметтік қызметкерде 5-6 баладан бекітілген.
Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Мамания» мектебінің үйірмелеріне кесте бойынша әлеуметтік қызметкерлер көмегімен балаларды қатыстыру жалғасуда.
Әлеуметтік қызметкерлер ерекше қажеттілігі бар балаларға шағын компьютерлік және құқықтық сауаттылық бойынша білім беруді кесте бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсетілетін және үйде оқытылатын балаларға
ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес берілген тапсырмаларды, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларының негіздерін үйрету орындауға жәрдемдесу. Бөлімшедегі балалардың мүгедектігі туралы анықтамасының аяқталуын қадағалай отырып, құжаттарын жинастыруға көмектесіп қайта өтіп келулеріне жәрдемдесуде және жаңа оқу жылына үйде оқытылатын балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультациядан өту туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
2 баланың ата-анасы Талдықорған қаласындағы күндізгі болу бөліміне құжаттары жолданды.
2025 жылға 3 нысанға бейімдеу жұмыстары жоспарлануда, қазіргі уақытта маслихаттың шешімі бойынша қаражат бөлінген жағдайда бейімдеу жұмыстары жүргізіледі