Текелі қалалық мәслихатының 2024 жылғы 10 мамырдағы «Текелі қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 17-86 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Текелі қалалық мәслихатының 2024 жылғы 10 мамырдағы «Текелі қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 17-86 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 196638 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Текелі қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Текелі қалалық

мәслихатының төрағасы                                                     Б.Тугулбаев

Дата публикации
11 марта 2025