Қалалық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, «Салық және бюджетке басқада міндетті төлемдер туралы» кодексіне сәйкес, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларында қойылған мақсаттар, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу және кірістерді болжау әдістемелері негізінде қалыптастырылған.
Сонымен қатар, бюджетті қалыптастыру барысында:
- Жобаны есептеу кезінде салық заңнамасындағы ставкалардың өзгеруі, өткен қаржылық жылдағы түсімдер динамикасы, бір жолғы түсімдер, республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін тұрақты сипаттағы ағымдағы трансферттер ескерілді. Сондай-ақ, Республиканың ӘЭД болжамы негізінде тұтынушылық бағалар индексіне кірістер мен ағымдағы шығыстардың ұлғаюы да ескерілді.
Қала бюджеті экономика және қаржы бөлімімен жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірленеді.
Жоспарлы кезеңге қала бюджетінің жобасы әзірленіп, қаланың бюджеттік комиссиясына қарастыру үшін ұсынылды.
2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет Текелі қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 26-122 шешімімен бекітілген.
1-бөлім. Текелі қаласының 2025-2027 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңымен 2025 жылдың 1 қаңтарынан келесідей белгіленген:
теңге
|
Көрсеткіштер |
2025 жыл |
|
Айлық есептеу көрсеткіші |
3 932 |
|
Еңбекақының төменгі мөлшері |
85 000 |
|
Зейнетақының төменгі мөлшері |
62 771 |
2- бөлім. Бюджет кірістері мен шығыстары
Бюджет кірістері
Қалалық бюджеттің 2025 жылға өзіндік кірістері – 2034,9 млн. теңге сомасында анықталды.
Кірістер өзіндік түсімінің жалпы көлемінде салықтық түсімдер – 68,8% немесе 1400,1 млн. теңгені, салықтық емес түсімдер – 1,6% немесе 31,9 млн. теңгені, негізгі капиталды сатудан түсетін кірістер – 29,6% немесе 602,9 млн. теңгені құрайды.
Түсімдердің негізгі көздері шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығы (35,7%), мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату (27,9%), мүлікке салынатын салық (13,2%), заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер (2,4%), тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар (2,3%), сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістер (1,7%) және басқалар (16,8%) болып табылады.
2025 жылға нысаналы трансферттер көлемі 6368,8 млн. теңгені құрады, соның ішінде:
|
Жыл |
Ағымдағы трансферттер (млн. теңге) |
Трансферты на развитие (млн. тенге) |
Субвенции (млн. тенге) |
|||||
|
Республикалық бюджет |
Облыстық бюджет |
Барлығы |
Республикалық бюджет |
Облыстық бюджет |
Барлығы |
Жергілікті бюджет |
Барлығы |
|
|
2025 |
113,4 |
2592,6 |
2706,0 |
340,0 |
1572,0 |
1912,0 |
1750,8 |
1750,8 |
2025 жылға бюджеттік кредиттерді өтеу көлемі 2,0 млн. теңгені, қарыздар түсімі – 7,9 млн. теңгені құрады.
Бюджет шығыстары
2025 жылға қалалық бюджеттің шығыстары 8413,5 млн. теңгені құрады, соның ішінде функционалдық топтар бойынша:
млн. тенге
|
Функционалдық топ |
Нақты 2024 жыл |
2025 жыл жоспар |
2024 жылға өсім % |
2026 жыл жоспар |
2025 жылға өсім % |
2027 жыл жоспар |
2026 жылға өсім % |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету |
589,3 |
759,9 |
129,0 |
762,3 |
100,3 |
788,5 |
103,4 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
3378,8 |
3228,9 |
95,6 |
2048,1 |
63,4 |
3582,6 |
174,9 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
239,2 |
260,9 |
109,1 |
300,5 |
115,1 |
204,5 |
68,1 |
|
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану |
1822,8 |
1038,3 |
57,0 |
|
|
|
|
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
62,5 |
84,2 |
134,8 |
66,8 |
79,3 |
60,6 |
90,7 |
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі |
33,5 |
26,1 |
77,8 |
26,5 |
101,8 |
27,0 |
101,8 |
|
Көлiк және коммуникация |
312,8 |
1436,3 |
4,6 есе |
1402,6 |
97,7 |
1400,0 |
99,8 |
|
Басқалар |
1967,0 |
1578,8 |
80,3 |
1276,6 |
80,9 |
533,1 |
41,8 |
Әлеуметтік қамсыздандыруда келесі шығындар көзделген:
Мәдениет және спорт бойынша негізгі міндеттер болып төмендегілер табылады:
- кешенді спорттық жалпы шараларды өткізу, қалалық және облыстық сайыстарға қатысуға – 4,9 млн. теңге қарастырылды.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында:
Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін төрт шағын ауданда (Алатау, Горняцкий, Достық, Металлург) көше жарығын орнатуға 337,2 млн. теңге, үш шағын ауданда және Рудничный ауылында балалар ойын алаңдарын салуға 490,0 млн. теңге, 12 ауланы, жолдарды, автотұрақтар мен алаңдарды абаттандыруға – 273,0 млн. теңге, "Бәйбіше" магистральдық каналын күрделі жөндеуге 500,0 млн. теңге, көппәтерлі үйлердің 15 шатырын күрделі жөндеу жобасын аяқтауға-258,0 млн.теңге қарастырылды.
«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы» Сейфуллин көшесі 31 бойынша 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жалғастыруға 391,8 млн. теңге, Алатау шағын ауданының орамішілік жылу желілерін қайта жаңарту жобасын аяқтауға 1038,3 млн. теңге қаражат қарастырылған.
Сондай-ақ, жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы үшін блокты – модульдік құрылымды орнатуға-100,8 млн.теңге қаражат көзделген.
Қонаев көшесін қалаға кіре берістен орталық көпірге дейін күрделі жөндеуге-500,0 млн. теңге, Қонаев көшесіндегі автомобиль жолын орташа жөндеуге ("PIT STOP" СТО-дан Шевченко көшесіне дейін) - 163,5 млн. теңге, Қонаев көшесін орташа жөндеуге (Гагарин көшесінен О. Кошевой көшесіне дейін) - 400,0 млн. теңге көзделген.
Қалалық бюджетте: бір маманға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 7,9 млн. теңге сомасында бюджеттік кредит;
мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік қарыздарды өтеу – 2,0 млн. теңге қарастырылды.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен алынған қарыздар бойынша сыйақы және басқа да төлемдер бойынша берешегіне қызмет көрсетуге 105,9 мың теңге шығындар қарастырылған.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервіне 29,5 млн.теңге қарастырылған.
Шығыстар саясаты ағымдағы шығыстар деңгейін экономиканың өсу қарқынынан аспайтын шекте тежеу қағидасына сәйкес келетін болады.
3-бөлім. Бюджет тапшылығы (профицитi)
Бюджет тапшылығы (профицитi) 561,4 млн.теңгені құрады. Бюджет тапшылығын қаржыландыру 7,9 млн. теңге сомасында қарыздар түсімімен және 569,3 млн. теңге қарыздарды өтеу жолымен бюджет тапшылығын жабу қамтамасыз етілді.