ҚАУЛЫ Текелі қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жоба

 

 

ҚАУЛЫ

 

Текелі қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

 

 

Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қаулылардың күші жойылды деп танылысын:

Текелі қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыздағы  «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» №67 қаулының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-3-45 болып тіркелген);

Текелі қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыздағы  «Нысаналы топқа жататын азаматтардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» № 198 қаулының, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-3-64 болып тіркелген);

Текелі қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы «Текелі қаласындағы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы» № 3 қаулысы, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-3-77 болып тіркелген).

  1.  Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Текелі қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі

А. Әділ

Дата публикации
16 января 2025