2024 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Текелі қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" ММ-мен атқарған жұмыстары туралы ақпарат

2024 жылдың 9 айында 209 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» - 95 мемлекеттік қызмет;

«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» - 2 мемлекеттік қызмет;

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 31 мемлекеттік қызмет;

 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» - 29 мемлекеттік қызмет;

«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» - 26 мемлекеттік қызмет;

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» - 26 мемлекеттік қызмет.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша шағымдар мен арыздар түспеген.

Дата публикации
29 ноября 2024